Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысының басқару сызбасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 14/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 17/3 шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы құрылады.
Талқылау үшін ашық НҚА порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15223782 жоба жарияланды.