Пресс-релиз Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімі жобасына
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 282 бұйрығымен Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары бекітілді, бұрын қолданыста болған Үлгілік қағидалар өз күшін жоғалтты.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларының шешім жобасын әзірледі.
Осы жоба Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленді және оның шеңберінен шықпайды.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» порталында 2026 жылғы 30 шілде мен 14 тамыз аралығында орналастырылған. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15886213