«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

2024 жылғы сәуірден бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдап отырған саланы, талдау объектісі қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болған жағдайда ақпаратты 2024 жылғы 18 сәуірге дейін amalaeva@sqo.gov.kz.электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.