«2026 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін және сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 83 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз-релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 64-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, «2026 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін және сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 83 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірледі.
Қаулы жобасында субсидияланатын минералды тыңайтқыштардың 1414 атауын енгізу көзделеді.
Қаулы жобасын қабылдау «Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін толық көлемде ұсынуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолжетімді тыңайтқыштар тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қаулы жобасы 2026 жылғы 27 тамыздан 14 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-нің ресми интернет-ресурсында орналастырылды.
Ашық НҚА жарияланымдар сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15901292
Ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары
басқармасының басшысы Д. Токужинов