Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы шілдеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Алтын Сайранқызы Жолдыбаеваға 2025 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде 50-22-46 телефоны бойынша хабарласуға болады.