Баспасөз хабарлама
Жарияланған күні: 18 наурыз 2022
Жаңарту күні: 18 наурыз 2022
Көру саны:54
2022 жылғы 1-15 наурыз аралығында СҚО әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзiлiмiне енгiзу үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерiнен өтiнiмдердi қабылдауды жүзеге асырды. Арнайы комиссияның қарауына 3 өтiнiм түстi:
- «Medicinskii centr Kot&Kit (Кот & Кит медициналық орталығы)» ЖШС басшысы Джан Северина Валерьевна Петропавл қ. — балалардың демалысын және сауықтыруын ұйымдастыру бойынша қызмет (4 санат);
- «Автошкола Равная дорога» ЖШС басшысы Сабитов Салимхан Жанатович Петропавл қ. — қосымша бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру бойынша қызмет (3-санат);
- ЖК Жүкенова А.С. басшысы Жукенова Альфия Серғазықызы Петропавл қ. — аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналардың және басқа да заңды өкiлдердiң жұмыспен қамтылуына ықпал ететiн (1 санат).
Ағымдағы жылғы 18 наурызда Әлеуметтiк кәсiпкерлiк жөнiндегi арнайы комиссияның отырысы өттi. Қаралған өтiнiштердiң қорытындысы бойынша комиссия мүшелерi оң шешiм қабылдады.
Мақұлданған өтiнiштер бойынша арнайы комиссияның ұсынымдары тiзiлiмге одан әрi енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiне жiберiлетiн болады.