Өңірдің жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері санының өсуін қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі қызметті үйлестіру. Жолдама кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайтуға және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету есебінен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Статистика:
2026 жылғы 1 қыркүйектегі Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 33,1 мың бірлікті, өсу қарқыны 91,8%– құрайды (оның ішінде заңды тұлғалар – 6 384 бірлік, ЖК – 22 641 бірлік, ШҚ және ФҚ- 4 154 бірлік).
ШОБ субъекттерінің 2026 жылғы қаңтар–наурыз айларындағы өнім шығарылымы 307,3 млрд теңгені құрады (2025 жылғы қаңтар–наурыз айларында – 296,1 млрд теңге), өнім шығарылымының нақты көлем индексі (НКИ) 91,1% құрады.
2026 жылғы қаңтар– наурыз айларында облыстың ШОБ кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 97,2 мың адамды құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында – 79,2 мың адам, орта кәсіпкерлік кәсіпорындарында – 18,0 мың адам.
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 33,0% құрады (2025 жылдың I тоқсанында – 29,6%). Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі – 7,2% (2025 жылдың I тоқсанында – 7,2%).
2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті қолдауға 2,8 млрд теңге қарастырылған.
«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында шағын бизнесті қолдауға республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы несие портфелінің сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын 34 жоба мақұлданды.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында кәсіпкерлік мәселелері бойынша 41 Сараптамалық кеңес отырысы өткізілді, нормативтік-құқықтық актілер жобалары бойынша 41 хаттама берілді.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ӘКС) тізілімінде 19 әлеуметтік кәсіпкер бар, оның ішінде: Петропавл қаласында 18, Айыртау ауданында – 1 :«Medicinskii Centre Kot&Kit» ЖШС (Кот & Кит медициналық орталығы), «Есту Формуласы» ЖШС, «Панацея» отбасылық медицина орталығы» ЖШС, «Тренинг ЦентрКөмек» ЖК, «Говоруша» Түзету-дамыту орталығы, «Митралия» ЖШС, ЖК «Самоволов В.А.», ЖК «Кардаполов Виталий Сергеевич», «Казахстанское долголетие» ЖШС, ЖК «Жүнісова Динара Төлегенқызы», ЖК «Step by step», ЖК «Могунова», ЖК «Ишимский берег», ЖК «DARA» білім орталығы», ЖК «Жүнісова Азиза Жалғасбайқызы», «АБВГДЕЙКА» ЖШС, «Щеголь» ЖШС, Bereket-Qamqor» ЖК, «Шпигоцкий Антон Александрович» ЖК (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 ж. 01.07. №162 бұйрығы)
Жобалар:
- кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну;
- дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтінімдерді қарау;
- кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар қабылдау арқылы әкімшілік кедергілерді азайту;
- мемлекеттік гранттардың нысаналы мақсаты бойынша мониторинг;
- заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат.
Жауапты басқарма: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, СҚО, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 522 кабинет, телефон 8 7152 361362.