Меню

Страницы

Статья

Этникалық және еңбек көші-қоны туралы статистикалық деректері

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 727 отбасын (2556 адам) қабылдау жоспарланған.

2022 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2062 адам бар 544 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидияларды төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Астана қаласынан – 108 отбасы (356 адам), Түркістан облысынан – 180 отбасы (736 адам), Алматы облысынан – 60 отбасы (223 адам), Шымкент қ. – 61 отбасы (228 адам), Жамбыл облысынан – 42 отбасы (152 адам), Қызылорда облысынан – 47 отбасы (169 адам), Алматы қ. – 23 отбасы (86 адам) және Маңғыстау облысынан – 23 отбасы (112 адам).

Келген 2062 адамның арасынан 950 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 590 адам тұрақты жұмыс орнына, 5 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды, 37 адам өз ісімен айналасады, 1013 бала, 46 зейнеткер және 53 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2022 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы саны 116 адаммен 81 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан – 10/17, Ираннан – 4/13, Монғолиядан – 13/17, Ресей Федерациясынан – 49/60, Украинадан – 1/1, Қытайдан – 1/1 келді, Туркменистаннан – 3/7.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 60 адам.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 56 отбасы (112 адам) енгізілді.

Квотаға енгізілген адамның арасынан: 53 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 32 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды, 3 адам өз ісімен айналасады.

"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" КММ, Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64, 8(715-2)-46-46-97 тел. нөмiрі бойынша толық ақпарат алуға болады.

Дата публикации
01 октября 2022
Дата обновления
01 октября 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы