
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Әлеуметтік кодекс іс-шаралары аясында жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту іс-шараларына 6 161 адам қатысты, оның ішінде 4 498 адам немесе 73 %-ы - ауылдық жерлердің тұрғындары.
Барлығы 3995 қатысушыға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, соның ішінде бос жұмыс орындарына 2527 адам (жоспарда – 6500) жұмысқа орналастырылды.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы 1468 жұмыссыз адам (жоспарда - 2565 адам), оның ішінде қоғамдық жұмыстарға 1016 адам (жоспарда - 1550 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына 192 (280 адам) адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасы - 70 ж.о. (485 адам), «Күміс жас» жобасы бойынша - 190 (250 адам).
Кәсіптік оқытумен 1930 адам (жоспарда - 2080 адам) қамтылды (оның ішінде: жұмыс берушілердің жұмыс орнында - 70 адам, білім беру ұйымдарында -77 адам, онлайн оқыту - 1783 адам (жоспарда - 1800 адам)).
«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 236 адам (жоспарда - 1065 адам) оқытылды.
Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 грант (505,2 млн теңге сомасына) беру жоспарлануда.
Анықтама ретінде: Статистика деректері бойынша 2025 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,4% (ҚР - 4,6%), әйелдер жұмыссыздығы деңгейі - 4,4% (ҚР – 5,0%), жастар жұмыссыздығы деңгейі - 3,6% ( ҚР - 3,1%) құрады.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2026 жылғы 1 мамырға аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 2,4 мың адамды құрады.
2026 жылғы 1 мамырға жағдай бойынша мыналар:
- 470 отбасындағы 2132 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 104,0 млн. теңге сомасында төленді.
13168 азаматқа 717,7 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6 % -ға немесе 2455 адамға азайды (2025 жылғы 01.05. – 15623 адам)
Коңыстандырушылар бойынша
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2026 жылда Әлеуметтік кодексі аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 800 отбасын (2820 адам) қабылдау жоспарланған.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 1873 адамнан тұратын 441 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Осы отбасылар Астана қаласынан – 84 отбасы (271 адам), Түркістан облысынан – 90 отбасы (394 адам), Алматы облысынан - 59 отбасы (296 адам), Шымкент қ. – 47 отбасы (226 адам), Жамбыл облысынан – 37 отбасы (135 адам), Қызылорда облысынан – 32 отбасы (127 адам), Маңғыстау облысынан – 58 отбасы (299 адам), Алматы қ. – 19 отбасы (62 адам) және Жетісу облысынан – 15 отбасы (63 адам) көшіп келді.
Келген 1873 адамның арасынан 820-ы еңбекке жарамды жастағы адамдар (олардың ішінде: 590 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты), 945 бала, 43-і зейнеткер және 65-і студент.
Қандастар бойынша
Солтүстік Қазақстан облысына 2026 жылы 200 қандасты (58 отбасы) қабылдауға квота бөлінді.
2026 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша жалпы саны 54 адаммен 26 этникалық қазақ отбасы келіп, қандас мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 4 отбасы (4 адам), Монғолиядан – 1 отбасы (6 адам), Қытайдан – 15 отбасы (34 адам), Тәжікстан Республикасынан - 6 отбасы (10 адам) келді.
Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 21 адам.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 45 отбасы (121 адам) енгізілді.
Квотаға енгізілген адамдар арасынан 57-і еңбекке жарамды жастағы адамдар (олардың ішінде: 33 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты), 52 -і бала, 6-ы зейнеткер және 6-ы студент
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
2026 жылға бекітілген бюджетті нақтылауға сәйкес Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:
473 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 78 кресло-арба сатып алынды;
536 сурдо-техникалық құрал алу жоспарланып, 128 құрал сатып алынды;
803 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 310 құрал сатып алынды;
2034 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 341 құрал сатып алынды;
1276 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 104 адам қамтамасыз етілді.
5 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear, Med-el, Neurolec сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 1 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджет қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, сіңіргіш жаялықтар және т. б.) қамтамасыз ету бойынша 2617 іс-шара (құралдар) сатып алынды, 450 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруында қиындықтары бар 1-топтағы 229 МБА-ға жеке көмекшілердің қызметтері, сондай-ақ 221 есту бойынша МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілді.
Азаматтардың еңбек күшi көп өңiрлерден Солтүстiк Қазақстан облысына ерiктi түрде қоныс аударуы Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасына (бұдан әрi — «Еңбек» бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырылады.
«Еңбек» бағдарламасы шеңберiнде көшуге субсидия төлеу түрiнде отбасының әрбiр мүшесiне 70 АЕК мөлшерiнде материалдық қолдау көрсету көзделген. Сондай-ақ, жалға берiлетiн тұрғын үйге орналастырылған жағдайда он екi ай iшiнде тұрғын үйдi жалдау бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төлеу көзделген, төлемдердiң мөлшерi отбасының құрамына және елдi мекенге байланысты болады.
Сонымен қатар, қоныс аударушыларға жұмысқа орналасуға және кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу, қысқа мерзiмдi кәсiптiк курстарға жiберу көзделген.
Облыс аудандары туралы ақпарат (бос орындар, әкiмдiктердiң байланыс деректерi және басқалар) жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының сайтында орналастырылған.
МӘМ-ге мұқтаж азаматтарды жолдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекiтiлген Халықты әлеуметтiк қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандартына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығымен бекiтiлген Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн ұйымдар қызметiнiң қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Стандартқа сәйкес стационарлық үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемеде тұруға:
МӘМ-де азаматтарды ресiмдеу адамның тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi арқылы, жеке өтiнiшi және «медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге құжаттар ресiмдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 Заңына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайға тап болған отбасылар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бере алады.
Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) — жан басына шаққандағы орташа табысы шектi мәннен аспайтын адамға немесе отбасына ақшалай нысанда берiлетiн төлем.
Қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысында АӘК көрсету үшiн шектi мән ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70%-ын құрайды.
Көмек өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi.
Отбасының әлеуметтiк жағдайына байланысты әлеуметтiк қолдаудың бұл түрi 2 түрге бөлiнедi: шартсыз және шартты.
Шартсыз ақшалай көмек объективтi себептер бойынша (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектiгi, 3 жасқа дейiнгi балаларды күту) өздерiн табыспен қамтамасыз ете алмайтын отбасыларға ғана ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек құрамында кем дегенде бiр еңбекке қабiлеттi отбасы мүшесi бар аз қамтылған отбасыларға әлеуметтiк келiсiмшарт жасасқан және барлық еңбекке қабiлеттi азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мiндеттi түрде қатысқан жағдайда берiледi.