Меню

Страницы

Статья

АЭА Qyzyljar

"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы 2019 жылы құрылды ("Qyzyljar "арнайы экономикалық аймағын құру туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 Қаулысы). Оның жалпы аумағы 762 га құрайды және 7 субаймақтан тұрады. Ең жас АЭА бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда АЭА-ның 21 қатысушысы тіркелді, инвестициялардың жалпы көлемі 409 млрд.теңге, 4,5 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды.

"Qyzyljar"АЭА қызметінің негізгі түрлері:

  • Құрылыс материалдары мен жиһаз өндірісі;
  • Электроника және электр жабдықтары өнімдерін өндіру;
  • Машина жасау өнімдерін өндіру;
  • Көпсалалы аурухана салу;
  • Кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі;
  • Ағаш целлюлозасы мен целлюлоза өндірісі;
  • Қағаз және картон өндірісі;
  • Гофрленген картон өндірісі;
  • Қағаз және картон ыдыстарын өндіру;
  • Шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру.
  • Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
  • Фармацевтикалық препараттар өндірісі;
  • Ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі; 

Экономикалық аймақтың артықшылықтары

  • Салықтық жеңілдіктер және кедендік преференциялар
  • Бір терезе принципі
  • Тиімді орналасу және логистика
  • Көші-қон мәселелеріне көмек
  • Заманауи инфрақұрылым

"Qyzyljar"АЭА-да берілетін жеңілдіктер мен преференциялардың түрлері

  • Корпоративтік табыс салығы (КТС)
  • Жер салығы
  • Мүлік салығы
  • АЭА аумағына әкелу кезінде шикізат пен жабдыққа кедендік баждардан босату
  • Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы-АЭА қолданылу мерзіміне 0% коэффициенті
  • Импортқа ҚҚС — 0%
Дата публикации
06 апреля 2021
Дата обновления
20 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы