Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй секторы

2025 жылғы қыркүйекте көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге, ашықтықты арттыруға және тұрғын үй меншік иелерінің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 1 920 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 1 227-сі Петропавл қаласында, ал 693-і облыс аудандарында орналасқан.

Бұл ретте 1 629 үй басқарудың жаңа нысандарына көшуге және кондоминиум объектілерін тіркеуге жатады.

Облыста 511 мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) тіркелген және 192 басқару органы (ПИК және басқарушы компаниялар) жұмыс істейді, қалған үйлерде меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқару нысаны қолданылады.

Жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында Кондоминиум объектілерін тіркеудің жол картасы бекітілді, оның аясында 2030 жылға дейін 689 объект, оның ішінде 2026 жылы 30 объект тіркелуі тиіс. Бұл мақсаттарға 19,5 млн теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, тұрғын үй қорын жаңарту бойынша жұмыс қатар жүргізілуде. 2011 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде республикалық бюджет қаражатын, қайтарымды механизмдерді және жергілікті бюджет қаражатын қоса алғанда, жалпы сомасы 5,5 млрд теңгеге 227 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.

«Таза Қазақстан» бастамасы, Елді мекендерді абаттандыру

Облыста халықпен белсенді түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың басынан бері 126 телесюжет шығарылды, баспасөз құралдарында 195 мақала және интернет-порталдарда 185 материал жарияланды. Әлеуметтік желілерде 42 бейнеролик, сондай-ақ өңірлік және аудандық пабликтерде 28 795 жарияланым орналастырылды. Республикалық ресурстарда 33 материал жарық көрді. Қосымша «TazaQazBot» чатын танымал ету жұмыстары жүргізілуде – шамамен 3 883 жарияланым орналастырылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 28 наурыздан бастап апта сайынғы негізде «Сенбіліктер» мен «Таза бейсенбі» өткізілуде. 2026 жылы 91,8 мың адам қатысып, 61,8 мың аула аумағы тазартылды, 614 ескерткіш, 211 саябақ пен гүлзар ретке келтірілді, 119,3 мың тонна қалдық шығарылды, 1 534 бірлік техника жұмылдырылды. Барлық аудандарда және Петропавл қаласында 2026 жылға арналған абаттандыру бойынша үш айлық жоспарлары бекітілді, оның ішінде: 146,6 мың шаршы метр гүлзарлар жасау, 35,5 мың ағаш, 13 мың бұта отырғызу, 50 мың ағашты әктеу, 10,9 млн шаршы метр көгалдарды шабу, үй иеліктерінің 90 мың аула маңы аумақтарын тазарту және абаттандыру, 70 демалыс аймағын, 3,9 мың шақырым көшелерді, 340-тан астам аялдаманы, 268 кіреберіс тобын тазарту. Сондай-ақ 586 ескерткішті, обелискіні және оларға іргелес аумақтарды тиісті қалыпқа келтіру жоспарланған.

Телеграм-ботта 36 есептік жазба құрылды, жыл басынан бері 401 өтінім жолданды (339-ы орындалды, 43-і қабылданбады, 19-ы жұмыста).

2026 жылы абаттандыруға 2,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Конституция көшесін қайта жаңартуға және Петропавл қаласының аулаларын абаттандыруға 1 млрд теңгеден қарастырылған. Сондай-ақ 43 футбол алаңын салуға 860 млн теңге бөлінді.

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
15 июля 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы