Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Коммуналдық шаруашылық

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында әлеуметтік сала мен тұрғын үй нысандарын жылытып отырған 484 қазандық жұмыс істейді, оның ішінде 24-і орталық, 21-і жергілікті және 439-ы автономды қазандықтар. 636 білім беру, 364 денсаулық сақтау, 162 мәдениет нысаны бар.

Бюджеттік мекемелерге көмір қажеттілігі 142 мың тоннаны құрайды, оның 86 мың тоннасы дайындалды. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың орталық қазандықтарына қажеттілік — 69 мың тонна, шарттар жасалған. Халықтың қажеттілігі үшін көмірдің жылдық сұранысы 409 мың тонна болса, оның 114 мың тоннасы немесе 28%-ы дайындалды. Теміржол тұйықтарында 42 мың тонна көмір бар, оның ішінде Петропавл қаласында — 4 мың тонна.

Тұрғын үй секторы

Солтүстік Қазақстан облысында 1 912 көпқабатты тұрғын үй бар, оның 1 237-сі Петропавл қаласында және 700-і аудандарда орналасқан. Облыста көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың 1 545 формасы тіркелген, оның ішінде 479 ОСИ, 16 басқарушы компания (УК), 138 КСК және 912 жай серіктестік (ПТ). 967 кондоминиум нысаны тіркелген, тағы 578 көпқабатты үйді тіркеу қажет. 2011–2024 жылдар аралығында 227 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде, 187 үйге бөлінген қаражат есебінен 4 202,2 млн теңгеге, 33 үйге қайтарымды қаражат есебінен 725,24 млн теңгеге, 7 үйге облыстық бюджет есебінен 457,8 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2025 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 10 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу үшін 751,8 млн теңге сомасына бюджеттік өтінім жолданған.

Елді мекендерді абаттандыру

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында халықпен түсіндіру жұмыстары белсенді жалғасуда. Жыл басынан бері 197 кездесу өткізілді (абаттандыру қағидаларын түсіндіру және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру). Республикалық ақпарат агенттіктерінде 86 материал, облыстық телеарналарда шамамен 300 материал дайындалып, 38 бейнеролик көрсетілді, барлығы 2315 материал жарияланған. Апта сайынғы сенбіліктерге 101,3 мың адам қатысты, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына 51,7 мың тонна қалдық шығарылды, 1977 техника тартылды. 64,5 мың аулалық аумақ тазартылды, оның ішінде 1766 көпқабатты тұрғын үй аумағы және 62,8 мың жеке тұрғын үй аумағы. Петропавл қаласында ұзындығы 2,5 км болатын Қазақстан Конституциясы жаяу жүргіншілер көшесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 3 кезеңмен іске асырылады. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 1 млрд теңге бөлінді. Су тасқынынан зардап шеккен «Подгора» шағын ауданында абаттандыру жұмыстары аяқталды: 74 сквер салынды (ағаш отырғызу, МАФ, орындықтар, 2 футбол және 2 волейбол алаңы, брусчатка төсеу, серуен аймағы мен жарықтандыру орнату). 2025 жылы бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 10,8 млрд теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде 5 млрд теңгеге 45 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.

Документы
Новости
Полезные материалы
Тұрғын үй секторы
Қазақстанда меншік иелерінің жиналысын өткізу туралы хабарлау мерзімі 5 күнге дейін қысқартылды
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы