Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпарат

2021 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша 7,8 тонна өнім бар (1 сұрыпты 2260 тонна ұн, 387 тонна макарон өнімдері, 260 тонна күріш, 500 тонна қарақұмық жармасы, 134 тонна тұз, 100 тонна құс еті, 303 тонна қырыққабат, 453 тонна сәбіз, 2000 тонна картоп, 285 тонна пияз, 546 тонна күнбағыс майы, 680 тонна қант).

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары шеңберінде «Айналым схемасы» іске асырылуда.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорына қаржыландыру 800 млн. теңгеден 1,9 млрд. теңгеге немесе 2,3 есеге ұлғайды.

Өнім көлемі 6,4 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін ұлғайтылады.

«Солтүстік» ӘКК» АҚ шикізат сатып алу және өнімді бөлшек сауда желісінде төмендетілген бағамен одан әрі сату үшін жергілікті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге қарыз береді.

Жергілікті ұн тарту кәсіпорнына ұн өндіру үшін астық сатып алуға айналым қаражаты берілді, ол сауда желілерінде сатылады, сондай-ақ әлеуметтік нан мен макарон өнімдерін өндірушілер арасында төмендетілген бағамен бөлінеді

Көкөніс тобы бойынша, шаруа қожалығына сәбіз, қырыққабат, пияз өсіру және қаланың сауда желілеріне төмендетілген бағамен жеткізу үшін айналым қаражаты берілді.

Ұқсас механизм жарма мен тауық жұмыртқасын өндірушілермен қолданылады.

Сауда желілерімен және көтерме кәсіпорындармен ӘМАТ бағаларын төмендету және қолдау және сауда үстемесінің мөлшерін сақтау туралы Меморандумға қол қойылды (аудандарда 883 кәсіпкермен 617 меморандум жасалды, облыс орталығында көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарымен 2 меморандум, 7 сүт өңдеу кәсіпорындарымен 1 меморандум жасалды).

Өңірде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларының 15-і өндіріледі. Бұл өніммен халық толық қамтамасыз етіледі.

Қабылданған шаралар бағаны орташа республикалық бағадан төмен ұстауға мүмкіндік берді.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі — ИИДМБ) аясында 2010-2014 жылдары 1 463 жұмыс орнын құрумен, жалпы инвестициялар көлемі 31,4 млрд.теңге болатын 32 жоба іске асырылды.

2015-2019 жылдарға арналған ҚР ИИДМБ аясында 24 млрд.теңге сомасына 39 жоба, 1300 жұмыс орны іске асырылды.

ИИДМБ III бесжылдығына (2020-2025 жж) 2,5 мыңнан астам жұмыс орындарын құра отырып, 129,8 млрд. теңге сомасына 21 жобаны іске асыру көзделген, оның ішінде:

- 2020 жылы 28,7 млрд. теңге сомасына 1 115 жұмыс орнын құрумен 9 жоба іске асырылды (оның ішінде карантиндік іс-шараларға байланысты 2 жоба тестілік режимде):

«Bio Operations» ЖШС — 12 595 млн.теңгеге биоэтанол шығарумен қалпына келтірудің 3 кезеңі, 340 жұмыс орны.

«Ростан» ЖШС – 120 млн.теңгеге ашыған сүт өнімдерін өндіру цехының құрылысы, 7 жұмыс орны.

«SMBGROUP Family» ЖШС – 900 млн.теңгеге полипропилен ыдысын өндіруді ұйымдастыру, 70 жұмыс орны.

«Масло-Дел» ЖШС – қуатын 4 134 млн.теңгеге кеңейту үшін ультрапастерленген сүт пен қаймақты өндіру және орау бойынша желіні іске қосу, 162 жұмыс орны.

«Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС — 1800 млн.теңгеге ламинатталған фанера өндірісін ұйымдастыру, 150 жұмыс орны.

«Cool Infinity» ЖШС — 4 470 млн.теңгеге изотермиялық үлгідегі термос вагондар өндірісін ұйымдастыру, 200 жұмыс орны.

«ЕМС Адго» ЖШС — 2 102,2 млн.теңгеге ет өңдеу комбинатын салу, 120 жұмыс орны.

Тестілік режимде:

«Микс Универсал» ЖШС — 600 млн.теңгеге газбетон блоктарын ұйымдастыру, 60 жұмыс орны.

«Тайынша Май» ЖШС —  өсімдік майын және шрот өндіру зауытын 2 000 млн.теңгеге кеңейту, 6 жұмыс орны.

- 2021 жылы 675 жұмыс орнын құрумен 10,2 млрд. теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарланған:

1) «Максимальная размах CORPORATION» ЖШС — 450 млн.теңгеге мұздатылған және мұздатылмаған ет және көкөніс жартылай фабрикаттарын өндіру бойынша фабрика салу, 250 жұмыс орны.

2) «Радуга» ЖШС — қолданыстағы пластмасса бұйымдары өндірісін кеңейту, ПЭТ преформаларын және полимер-құм өнімдерін 273,8 млн.теңгеге дайындау, 5 жұмыс орны.

3) «Сапа Инвест Плюс» ЖШС — Солтүстік Қазақстан облысында 1,5 млрд.теңгеге ағаш-жаңқа тақталарын (ҚБП) өндіруді ұйымдастыру, 60 жұмыс орны.

4) «Кирпич СК» ЖШС — 1,2 млрд.теңгеге керамикалық кірпіш өндірісін ұйымдастыру, 30 жұмыс орны.

5) «Байкен Агро» ЖШС — тауарлы-сүт фермасын салу, 716 млн.теңгеге сүт өңдеу цехын ашу, 30 жұмыс орны.

6) «Петропавл электр техникалық зауыты» ЖШС — 6,1 млрд.теңгеге электр техникалық жабдық өндірісін ұйымдастыру, 300 жұмыс орны.

2021 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен «Петропавл электр техникалық зауыты» ЖШС электр техникалық жабдық өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жоба техникалық түрде іске қосылды.

Дата публикации
18 ноября 2021
Дата обновления
18 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы