Жиі қойылатын сұрақтар

«Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» Қазақстан Республикасының Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Президентi Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап АӘК алатын отбасылардан шыққан балаларға кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакет ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балалар тамақ өнiмдерiмен және тұрмыстық химия тауарларымен қамтамасыз етiледi. Азық-түлiк жиынтығы балалардың жас санатына байланысты құрамы бойынша ерекшеленедi: 1 жастан 3 жасқа дейiн және 3 жастан 6 жасқа дейiн.

1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларға арналған азық-түлiк себетiнiң құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ұсынымдары бойынша әзiрленген, жиынтықтар физиологиялық ерекшелiктердi, өнiмдердiң азық-түлiк және энергетикалық құндылықтарының арақатынасын және жасына сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып қалыптастырылған. Жинақтар өсiп келе жатқан ағзадағы дәрумендердiң жетiспеушiлiгiн өтеуге арналған. Азық-түлiк пакетi әр балаға айына бiр рет, атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау кезеңiне, гигиеналық құралдар — тоқсанына бiр рет берiледi.