Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жалпы ақпарат (энергетика және ТҮКШ)

Солтүстік Қазақстан облысының энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылығы

Энергетикалық кешен

 

Бүгінгі таңда облыстың 590 ауылы (немесе 100%) орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген. Ондағы ауыл халқының саны — 255,9 мың адам (100%). Жалпы алғанда, облыс халқының (қалаларды қоса алғанда) сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 100%-ды құрайды.«СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (2-ЖЭО) энергия өндіруші кәсіпорны мен «Солтүстік Қазақстан РЭК» АҚ электр желілерін біріктіреді.

 

Энергия өндіру

 

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (2-ЖЭО) Петропавл қаласын жылу энергиясымен, сондай-ақ Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының сегіз солтүстік ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады. Кәсіпорын электр энергиясын ішкі нарыққа жеткізумен қатар, облыс шегінен тыс жерлерге де тасымалдайды. Негізгі жабдықтар құрамына 12 энергетикалық шаң-көмір қазандығы және 7 турбоагрегат кіреді.

 

Электр энергиясын беру және тарату

 

«Солтүстік Қазақстан РЭК» АҚ Петропавл қаласы мен облыстың сегіз солтүстік ауданына: ( Аққайың, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют, Мағжан Жұмабаев ауданы, Тимирязев және Шал ақын аудандарына) электр энергиясын тасымалдау және тарату қызметін жүзеге асырады.

«Солтүстік Қазақстан РЭК» АҚ электр беру желілерінің ұзындығы 13 009 км, қосалқы станциялар саны – 2 332 бірлік. Электр желілерінің тозу деңгейі 80,87%-ды құрайды.

«Көкшетау Энерго» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысының бес оңтүстік ауданында:(Айыртау, Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында) электр энергиясын беру және тарату жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорын теңгерімінде 9 803,2 км әуе және кабельдік электр желілері, сондай-ақ 1 514 қосалқы станция мен трансформаторлық пункт бар. Электр желілерінің тозу деңгейі 86,71%-ды құрайды.

 

Жылу энергиясын беру және тарату

 

«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС қызметінің негізгі бағыты Петропавл қаласының тұтынушыларына жылу энергиясын беру және тарату болып табылады. Кәсіпорын 82,2 мың тұрмыстық сектор абонентіне және 2,3 мыңнан астам заңды тұлғаға жылу энергиясын тасымалдайды. Кәсіпорын теңгерімінде 209 км жылу желісі, оның ішінде 65,2 км магистральдық және 145,2 км тарату желілері, 5 магистральдық сорғы станциясы және 46 абоненттік сорғы станциясы бар. Жылу желілерінің тозу деңгейі 81,7%-ды құрайды.

 

Жаңартылатын энергия көздері

 

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын 7 нысан орналасқан. Оның ішінде қуаты:

-Сергеев ГЭС-і — 2,46 МВт;

- «Зенченко және К» СТ 4 жел генераторы, жалпы қуаты — 3,5 МВт;

-Иван Зенченко» ЖШС 2 жел генераторы — 2 МВт.

Жаңартылатын энергия көздері есебінен электр энергиясын өндіруді ұлғайту тұжырымдамасы (бұдан әрі — ЖЭК) шеңберінде Есіл ауданының Покровка ауылында ЖЭК-ті енгізу және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы орайда «Green Era company» ЖШС (Астана қ.) 27 жел генераторының құрылысы жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы қуаты 200 МВт, ал бір қондырғының қуаты 7,5 МВт құрайды. Жобаның алдын ала құны — 3 млрд теңге.Бүгінгі таңда егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді, құрылысқа арналған жер учаскелерін ресімдеу және топографиялық түсірілім жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланған.

 

Облысты газбен жабдықтау

 

Солтүстік Қазақстан облысында өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктер үшін сұйытылған мұнай газы пайдаланылады. Негізгі газбен жабдықтаушы ұйымдар: «Рока» ЖШС, «Горгаз-сервис» ЖШС, «Райгаз» ЖШС, «Алыс газ» ЖШС, «PARTNER TRADE» ЖШС, «Облгаз» ЖШС, «Данияр-Бидай» ЖШС, «СК Ауыл газ» ЖШС, «Ишим-Гарант» ЖШС, «Промгаз» ЖШС, «Арай СК» ЖШС, «Петро-Транс-Газ» ЖШС, «НУРМАКС» ЖШС, «Газ-сервис» ЖШС, «СевКазГаз» ЖШС, «Шерол-2017» ЖШС, «Max Gaz Company» ЖШС, ЖК «Калюжная» және ЖК «Турсунов».

Газдың негізгі жеткізушілері – «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және «АНПЗ-Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС.

Халық пен кәсіпорындарды сұйытылған газбен қамтамасыз ету газ баллондары, автогаз құю станциялары және топтық резервуарлық қондырғылар арқылы жүзеге асырылады.

Петропавл қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газбен қамтамасыз етуді «Горгаз-сервис» ЖШС жүзеге асырады. Кәсіпорынның қызмет көрсетуінде 348 топтық резервуарлық қондырғы және 107,3 км газ құбыры бар. Кәсіпорын 766 көпқабатты тұрғын үйді газбен қамтамасыз етеді. Абоненттер саны 62,5 мың адамды құрайды.

 

Коммуналдық шаруашылық

 

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында әлеуметтік сала нысандары мен тұрғын үй қорын жылумен қамтамасыз ететін 484 қазандық жұмыс істейді, оның ішінде 24 орталық және 460 автономды қазандық бар. Жылумен 636 білім беру нысаны, 364 денсаулық сақтау нысаны және 1 453 көпқабатты тұрғын үй қамтамасыз етілуде.

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы 2026 жылғы 20 сәуір мен 1 мамыр аралығында кезең-кезеңімен аяқталды.

Жылыту маусымынан өту үшін 620 мың тонна көмір дайындалды, бұл қажеттіліктің 100%-ын құрайды, оның ішінде халықпен – 409 мың тонна, бюджеттік ұйымдармен – 142 мың тонна, орталық қазандықтармен – 69 мың тонна дайындалған.

 

Тұрғын үй секторы

 

Солтүстік Қазақстан облысында 1 920 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде Петропавл қаласында — 1 227 үй, облыс аудандарында — 693 үй орналасқан. Күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлер саны 901 бірлікті немесе жалпы санның 49%-ын құрайды, оның ішінде Петропавл қаласында — 574 үй, облыс аудандарында — 327 үй.2011–2025 жылдар аралығында жалпы сомасы 5 428,5 млн теңгеге 229 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 187 үйге республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 202,2 млн теңге, 35 үйге қайтарымды қаражат есебінен 768,4 млн теңге және 7 үйге облыстық бюджет қаражаты есебінен 457,8 млн теңге бөлінді.2025 жылы жалпы сомасы 751,8 млн теңгеге 10 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге өтінім берілді, оның ішінде 9 үй Петропавл қаласында және 1 үй Тайынша қаласында орналасқан. Аталған жобаларды іске асыруға қаржыландыру бөлінген жоқ.Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыста 37 апатты және 205 ескі көппәтерлі тұрғын үй бар. «Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтары» санаты бойынша кезекте 217 адам тұр.2024 жылға дейін Петропавл қаласында 46 апатты үй сүріліп, нәтижесінде 46 меншік иесінің тұрғын үй жағдайы жақсартылды.2024 жылы су тасқыны жағдайына байланысты апатты тұрғын үй иелерін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жүзеге асырылған жоқ.Су тасқыны салдарынан 3 898 тұрғын үйді су басып, оның 2 094-і апатты деп танылды. Қазіргі уақытта апатты үйлерді бұзу жұмыстары аяқталып, Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 2 197 меншік иесінің тұрғын үй жағдайы жақсартылды. Оның ішінде Петропавл қаласында 1 394 пәтер беріліп, «Бірлік» шағын ауданында 700 үй салынды.Сонымен қатар облыс әкімдігі апатты және ескі үйлерге түгендеу жұмыстарын жүргізді. 2025 жылғы 21 ақпанда 2029 жылға дейін апатты және ескі көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу арқылы меншік иелерін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы бекітілді.2029 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында 38 апатты және ескі көппәтерлі тұрғын үйді бұзу арқылы шамамен 356 меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сонымен қатар жер учаскелерін алып қоюға, өтемақы төлеуге және жаңа тұрғын үй беруге 1 млрд теңге бөлінді.2025 жылы жоспарланған 5 үйдің 5-еуі сүріліп, 32 пәтерді сатып алу арқылы 32 меншік иесі тұрғын үймен қамтамасыз етілді.Петропавл қаласының әкімдігі «Жаңа қала» ескі кварталдарды кешенді реконструкциялау бағдарламасын іске асыруда. Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында сүрілуге жататын апатты үйлер тізіміне 28 көппәтерлі тұрғын үй енгізілген.Бағдарламаны іске асыру аясында 2025 жылы 3 апатты үйді бұзу көзделген, 2026 жылы 5 мекенжай бойынша үйлерді бұзу жоспарланған, 2027 жылы іргелес ескі үйлерді қамту мүмкіндігімен 3 апатты үйді, 2028 жылы — 7 үйді, 2029 жылы — 8 үйді бұзу жоспарланудаРеновация бағдарламасын іске асыру мақсатында инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 7 әлеуетті инвестормен меморандумдар жасалды.«Беркат Строй» ЖШС Парковая — Маяковский — Жамбыл көшелерінің шекарасында 11 ескі жеке тұрғын үй сүрілгеннен кейін көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізуде.«Стройкомпания» ЖШС Исмаилов — Парковая көшелері аумағында екі 9 қабатты тұрғын үй салу жобасын іске асыруда.

«Альфа Север» ЖШС «Копай» шағын ауданында екі 9 қабатты тұрғын үй салу жобасын жүзеге асыруда.

«Miras Group» ЖШС 5 жеке тұрғын үйді сатып алғаннан кейін екі 9 қабатты тұрғын үй салу жобасын пысықтауда.«Строй Элит Дом» ЖШС Исмаилов — Парковая көшелері аумағында көпқабатты тұрғын үйлер салу жобасын іске асыруда«Д-СТРОЙ-БИЛД» ЖШС «Жас Өркен» шағын ауданында 5 қабатты тұрғын үй салу жобасын іске асыруда.«N Group Invest» ЖШС Назарбаев — Партизанская — Қазақстанская Правда — Маяковский көшелері шекарасында реновация жобасын пысықтауда.

Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері облыс орталығында екі жоба аяқталды: Ы. Алтынсарин көшесінде 45 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй және Жамбыл — Партизанская көшелері шекарасында 104 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй салынды. Сонымен қатар Новаторная — Ш. Уәлиханов көшелері аумағында 72 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Іске асырылып жатқан жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 3,3 млрд теңгені құрады.

 

Елді мекендерді абаттандыру

 

Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және елді мекендер аумақтарын күтіп ұстауға жауапкершілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде.

2025 жылы абаттандыру қағидаларын, аумақтарды санитарлық күтіп ұстау және экологиялық мәдениет мәселелерін түсіндіру бойынша халықпен 327 кездесу өткізілді.Экологиялық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 238 телевизиялық сюжет шығарылып, баспа басылымдарында 167 мақала жарияланды, интернет-порталдарда 448-ден астам материал дайындалып орналастырылды.Әлеуметтік желілерде экологиялық күн тәртібін ілгерілету үшін 76 бейнеролик дайындалып, танымал пабликтер мен аккаунттарда 3 150-ден астам жарияланым орналастырылды, сондай-ақ республикалық ақпарат агенттіктерінің ресурстарында 120 материал жарияланды.Апта сайынғы сенбіліктерге шамамен 171 мың адам қатысты. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына 74,4 мың тонна қоқыс шығарылып, 3 093 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.94,8 мың аула аумағында тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 1 936 көппәтерлі тұрғын үй аумағы және 92,9 мың жеке тұрғын үй аумағы қамтылды.Елді мекендерді көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылуда.2025 жылы Есіл, Уәлиханов аудандарында және Мағжан Жұмабаев ауданында 3 эко-парк ашылып, онда 64 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды.

2026 жылы Ғабит Мүсірепов ауданында тағы бір эко-парк ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ 11 бұлақ тазартылып, 2026 жылы тағы 8 бұлақты тазарту жоспарланған.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 5,7 мың жасыл желек отырғызылды.Жалпы облыс бойынша 2025 жылы жоспарланған 130 мың көрсеткіш кезінде 195 мың жасыл желек отырғызылды.Республикалық экологиялық акциялар аясында бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, «Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы аясында ағымдағы жылдың 21 сәуірінде 17 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды.20 қыркүйекте өткен халықаралық «World Cleanup Day» экологиялық акциясы барысында 2,6 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды.

Сонымен қатар 11 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында 84 мың жасыл желек отырғызылды.2025 жылы елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына қосымша бюджет қаражаты есебінен 10,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 5 млрд теңге 45 көшені орташа жөндеуге бағытталды.

Салыстыру үшін, 2024 жылы абаттандыруға бюджет және демеушілік қаражат есебінен 7,6 млрд теңге бөлінген.«Таза Қазақстан» телеграм-боты арқылы азаматтардың өтініштерімен жұмыс жалғасуда. 2025 жылы 422 өтінім түсіп, оның 389-ы орындалды, орындалған 25 өтінім бойынша шағым түсті, 3 өтінім орындалу үстінде, 20 өтінімнің күші жойылды.Қазіргі уақытта 4 жаңа өтінім қабылданып, оның 3-і орындалды, 1-еуі жұмыс барысында.2026 жылы «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы абаттандыру іс-шараларын іске асыруға 3 420 млн теңге қарастырылған.Қаражат Петропавл қаласының аула аумақтарын абаттандыруға, Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесін реконструкциялаудың екінші кезеңін іске асыруға (құны 1 млрд теңге), сондай-ақ Петропавл қаласында триатлон-парк салуға (құны 1 млрд теңге) бағытталатын болады.Сонымен қатар Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Токаев тапсырмасын орындау аясында облыстық және аудандық орталықтарды, кенттер мен ауылдарды балалар футбол алаңдарымен қамтамасыз ету үшін облыстың 43 елді мекенінде футбол алаңдарын орнатуға 860 млн теңге бөлінді.Оның ішінде 420 млн теңге сомасына 21 алаң облыстық бюджет қаражаты есебінен, ал 440 млн теңге сомасына тағы 22 алаң жергілікті бюджеттер есебінен орнатылады.

 

Сумен жабдықтау және су бұру

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 590 ауылы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілді (немесе 100%), ауыл халқының саны 255,9 мың адамды немесе ауыл халқының 100%-ын құрайды.

Жалпы облыс халқының (қалаларды қоса алғанда) сапалы ауыз сумен қамтылуы 100%-ды құрайды.

Облыстың негізгі сумен жабдықтаушы кәсіпорындары — «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Есіл су» филиалы (облыстың 11 ауданын қызметпен қамтиды) және «Қызылжар су» ЖШС (Петропавл қаласына қызмет көрсетеді).

Орталықтандырылған сумен жабдықтау Есіл өзенінен Ишим, Булаев, Преснов және Соколов топтық су құбырлары арқылы жүзеге асырылады, олар «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалының шаруашылық басқаруында.

«Қызылжар су» ЖШС-нің Петропавл қаласы бойынша жеке сумен жабдықтау жүйесі бар. Сондай-ақ облыста орталықтандырылған сумен жабдықтау жер асты сулары арқылы жүзеге асырылады.

Су бұру Петропавл, Сергеевка, Булаево қалаларында және 5 ауылдық елді мекенде (Саумалкөл, Явленка, Покровка, Бескөл және Новоишимское) жүзеге асырылады.

Петропавл қаласының су бұру жүйесі коллекторлардан, кәріз тазарту құрылыстарынан және сарқынды суларды жинақтағыштардан тұратын кешенді қамтиды, бұл жыл бойы қалалық ағын суларды жинақтау мен жоспарлы ағызуды реттеуге мүмкіндік береді.

«Қызылжар су» ЖШС қызмет көрсететін кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 257,8 км құрайды.

2025 жылы облыстың сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға 31,1 млрд теңге бөлінді.

Сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау (жаңғырту) жұмыстары 65 елді мекенді қамтыды, оның ішінде Су шаруашылығы комитеті Соколов топтық су құбырын салу есебінен Қызылжар ауданының 5 ауылын (Архангельское, Новокаменка, Желяково, Пеньково, Боровское) және облыстың 9 ауданындағы 46 ауылда кешенді блок-модульдер орнатуды жүзеге асырды.

Нәтижесінде 88 ауыл ауыз суға қол жеткізді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 100%-ды құрады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 2026 жылы сумен жабдықтау және су бұру саласына 3,6 млрд теңге қарастырылған. Жұмыстармен 20 елді мекен қамтылды.

Документы
Ақпарат
27 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады
Ақпарат
08 ноября 2023
Станция тұйықтарында көмірдің болуы мен құны туралы ақпарат
Шешім
05 декабря 2022
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ, кестесі
Новости
Полезные материалы
Станцияның тұйықтарында көмірдің болуы және құны туралы ақпарат
Коммуналдық кәсіпорындардың байланыс деректері
Тұрғын үй саясаты бойынша статистикалық деректер
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы