Құрылым

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ

Құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ, Жамбыл ауданы аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және тапсырыс беруші болып табылады.

Толығырақ

Бөлім басшысы:

Бос орын

Телефон:

8 (71544) 2-27-12

Электрондық пошта:

stroy@sko.gov.kz

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» КММ

Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздықтан, еңбек көші-қонынан қорғау саласында халыққа және жұмыс берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету; жұмыс күшін пайдалануды неғұрлым тиімді реттеу үшін жағдайлар жасау; халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын дамыту, жұмыссыздықты азайту және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.

Толығырақ

Бөлім басшысы:

Бос орын

Телефон:

8 (71544) 2-13-38

Электрондық пошта:

ozsp@sko.gov.kz

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылык, кәсіпкерлік және ветеринария бөлiмi» КММ

Қызмет мәні Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыру болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (71544) 2-12-06

Электрондық пошта:

r.dyusenbekov@sko.gov.kz

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ

Экономика және қаржы бөлімі қызметінің мәні Жамбыл ауданы аумағында аудандық бюджетті атқару, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (71544) 2-26-23

Электрондық пошта:

g.kozhanova@sko.gov.kz

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ жүктелген міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде мыналарды жүзеге асырады:

 

Иесіз жер учаскелерін есепке қою; жер заңнамасын аудандық мәслихат пен аудан әкімдігінің жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру жөніндегі шешімдерін орындау; жер реформасын жүзеге асыру және жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; әкімдіктің жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау; жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

жердің болуы және оларды Санаттар жерлер жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бойынша бөлу туралы, бұзылған жерлерді рекультивациялау топырақтың құнарлы қабатын алу және пайдалану туралы тоқсан сайынғы, Жыл сайынғы аудандық есептерді жасау және оларды"Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне беру;

 Облыстың өкілді және атқарушы органдарымен, "Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, "жер ресурстарын басқару жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы"мемлекеттік мекемесімен өзара іс-қимыл жасау; мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту; Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

   Пайдаланылмайтын жерлерді және заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау; жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;

жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

ауылдық округтердің жерге орналастырушыларының жер реформасын жүзеге асыру және жерге орналастыру жөніндегі қызметін үйлестіреді; жер сауда-саттығын (конкурстар аукциондар)өткізуді ұйымдастыру;

ауданның жер балансын жасау;

 жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу; жер учаскелерінің болуы немесе болмауы туралы анықтамалар беру;

 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру; жер учаскесін сатып алусату шарттарын және жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу; ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау; оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар

Толығырақ

Телефон:

2-18-48

Электрондық пошта:

Zh.Zhussupov@sko.gov.kz

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ

Құрметтi «Жамбыл ауданы әкімдігінің iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiннiң сайтына кiрушiлер!

Бiздiң сайтымызға қош келдiңiздер!

Бiз сiздердi Жамбыл ауданы әкімдігінің iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмiнiң сайтында көруге қуаныштымыз!

Бөлімге мемлекеттік басқару органдарының үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен және этномәдени орталықтармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша үйлестіруші функциялар жүктелген.

Бөлім аудан аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды, аудандағы діни ахуалға тұрақты мониторингті жүзеге асырады, бұл діни экстремизм көріністерінің алдын алуға ықпал етеді.

Бөлімнің басым бағыттарының бірі аудандық ақпараттық-насихаттау топтары арқылы ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары және халықтың нысаналы топтары арасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Ауданның бұқаралық ақпараттық құралдарымен тығыз байланыс орнатылған, ол мемлекеттiк билiк органдарының қызметi туралы халықты жедел, ақпараттандыруға мүмкiндiк бередi.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк жастар саясаты жүзеге асырылады.

Бөлім қызметінің басты міндеті аудан аумағында ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау және одан әрі нығайту болып табылады.

Мәдениет, тарихи - мәдени мұра, тіл саясаты салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру.

Мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, сондай – ақ мәдениет, тарихи-мәдени мұра, аудан аумағында тіл саясаты саласында іс-шаралар кешенін өткізуді ұйымдастыру.

Бiздiң сайтта өзiңiзге қажеттi ақпаратты алуға, өз пiкiрiңiздi бiлдiруге, маңызды сұрақтарды қоюға мүмкiндiгiңiз бар.

Бөлiм басшысы

Толықтырулар тізімі

Ережеге енгізілген өзгерістер

Толығырақ

Телефон:

+7 71544-2-18-86

Электрондық пошта:

ovp@sko.gov.kz

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ

Жамбыл ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады

Толығырақ