Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК

Кәсіпорын Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2012 жылғы "20"ақпандағы № 75 қаулысына сәйкес құрылды.

Біздің кәсіпорынның басым бағыты – бұл ветеринарлық қызмет

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

3) жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атребуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;

5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау жатады;

6) Аюлы иттер мен мысықтарды асырау және жою

7) ветеринариялық анықтамалар беру

8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру;

9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді қамтиды

10) Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес Ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.

https://vet-mzh.sko.kz/