«Ақжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
2. Кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы « » ақпандағы № қаулысына сәйкес құрылды.
3. Кәсіпорынның құрылтайшысы мен Кәсіпорынға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
4. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
5. Кәсіпорынның атауы:
Мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Орыс тілінде: Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Ветеринарная станция Акжарского района» коммунального государственного учреждения «Управление ветеринарии акимата Северо-Казахстанской области»
6. Кәсіпорынның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 150200, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Газиза Кусаинова көшесі, 18 үй.

2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

7. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
8. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы жазылған бланкілері, мөртабаны және мөрі болады.
9. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
10. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркелген сәтінен бастап жасалған деп саналады.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

11. Кәсіпорын қызметінің мәні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында ветеринариялық-санитариялық саулықты қамтамасыз ету болып табылады.
12. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты – жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, ауыл шаруашылығы жануарларының толық есепке алынуын қамтамасыз ету, жануарлардан алынып өндірілетін өнімнің құнарлылығын және ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты адам мен жануарға ортақ аурулардан қорғау.
13. Кәсіпорын көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
7) ветеринариялық анықтама беру;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
9) биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету.

http://vet-azh.sko.kz/