Меню

Страницы

Статья

Ынтымақтастық туралы меморандумға

Петропавлдық NIS М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен тәжірибе алмаспақ.

2026 жылғы 15 қыркүйекте Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік жаратылыстану-математика бағытындағы мектебі мен М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледж өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа мектеп директоры Виктор Сосин мен колледж директоры Гүлжан Жақанова қол қойды.

Меморандумның мақсаты, педагог кадрларды даярлау және оларды әрі қарай жұмысқа орналастыру саласында өзара тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру мен ұзақ мерзімді әріптестікті нығайту. Құжат аясында колледж осы оқу жылының өзінде студенттерін Петропавлдық NIS базасында өндірістік оқу мен кәсіптік тәжірибеден өтуге жіберуді жоспарлап отыр. Өз кезегінде мектеп тәжірибеден өту үшін жағдай жасауға және студенттерге әдістемелік қолдау көрсетуге кепілдік береді. Сондай-ақ директорлар Петропавлдық NIS колледж оқытушылары әзірлеген әдістемелік құралдарды енгізу мен сынақтан өткізу алаңы болатыны жөнінде уағдаласты. Бұдан бөлек, педагог кадрларды даярлау бойынша бірлескен семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар мен іс-шаралар онлайн және офлайн форматта өткізілетін болады.

Болашақ педагогтер заманауи білім беру ортасы бар мектепте тәжірибеден өтіп, тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен білік жинауға мүмкіндік алады. Ал Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибе алмасу бойынша жұмысын жалғастырамақ.

Дата публикации
16 сентября 2026
Дата обновления
16 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы