
2025–2026 оқу жылының басында облыста 23 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 4-еуі жекеменшік. Өткен жылмен салыстырғанда жекеменшік колледждер саны 1 бірлікке азайды.
«Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі екінші жыл қатарынан талапкерлерді қабылдауды жүзеге асырмады, биыл 130 түлектен тұратын соңғы бітіруші тобын шығарды.
2024–2025 оқу жылының аяқталуына байланысты «Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі» МЕБМ білім беру қызметін тоқтатты. Аталған колледждің ауыспалы контингенті 123 студентті құрады (мемлекеттік тапсырыс бойынша – 109 адам, ақылы негізде – 14 адам), олар 4 колледжге ауыстырылды:
Облыс әкімдігінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №106 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» КММ атауы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» КММ болып өзгертілді.
Колледждерде оқыту күндізгі, сырттай және кешкі оқу нысандары бойынша жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадр даярлау 68 мамандық пен 114 біліктілік бойынша жүргізіледі. Олар өңір экономикасының келесі салаларына мамандар дайындайды: құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, білім беру, денсаулық сақтау, өнер, байланыс және ақпараттандыру, қызмет көрсету салалары.
2025–2026 оқу жылында облыс колледждерінде 11058 студент білім алуда, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 9399 адам немесе 85%, ақылы негізде – 1659 адам немесе 15%. Өткен жылмен салыстырғанда білім алушылар контингенті 89 адамға, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 23 адамға азайды.
11 колледжде 26 мамандық бойынша мемлекеттік тілде 1337 студент білім алуда.
Білім алушылардың жалпы контингенті екі санатқа бөлінеді:
SmartNation College ақпараттық платформасында өткізілген конкурстық іріктеу нәтижесінде оқу жылының басында колледждерге 4313 адам қабылданды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 3716 адам. Өткен жылмен салыстырғанда қабылданғандар саны 157 адамға артып, мемлекеттік тапсырыс 79 адамға артық орындалды.
Талапкерлердің құжаттарын қабылдау бойынша колледждердің қабылдау комиссияларының жұмысы Egov ақпараттық платформасы арқылы ұйымдастырылып, рейтинг SmartNation College платформасында жүргізілді. Мемлекеттік тапсырысқа 3952 талапкер құжат тапсырды. Талапкерлерді рейтингтеу ақпараттық жүйе арқылы аттестаттың орташа балы, бейіндік пәндер және квота санаттары ескеріле отырып жүргізілді.
Жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында оқу орындары мен мамандықтар бөлінісінде түлектердің деректер базасы қалыптастырылып, үнемі жаңартылып отырады. Онда олардың жеке деректері мен кәсіби біліктіліктері көрсетіледі.
Сонымен қатар, жұмысқа орналастырылмаған колледж түлектерінің деректер базасы жүргізілуде. Оқу жылы аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырылмаған түлектердің тізімі қоса берілген өтініш хаттар аудан әкімдіктеріне, Петропавл қаласының әкімдігіне, салалық ведомстволар мен бейінді ұйымдарға оларды жұмысқа орналастыру жөнінде жолданатын болады.
Жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің тиімді түрлерінің бірі – жұмыс берушілермен және жұмыспен қамту органдарының мамандарымен бірлесіп өткізілетін «Түлектер жәрмеңкесі», «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі», «Ашық есік күндері», еңбек ардагерлерімен және табысты жас мамандар – түлектермен кездесулер.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп жыл сайын «Жастар практикасы» бағдарламасы жүзеге асырылады.
Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда.