«Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін 2026 жылға квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 18-бабының
7-тармағына және 107-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 5-тармағына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыстардағы жұмыс орындарын  есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу арқылы әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, Басқарма  жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс орындарының саны, сондай-ақ Орталықтарда тіркелген мүгедектігі бар жұмыссыздар саны туралы аудандар мен Петропавл қаласының мансап орталықтарына (бұдан әрі - Орталықтар) беретін  мәліметтері негізінде ұйымдарда квота белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Мәселен, қаулы жобасының мақсаты мүгедектігі бар адамдарға жұмыс іздеуге жәрдемдесу бойынша кепілдіктерді іске асыру болып табылады.

2025 жылғы 20 қарашада жоба «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін жарияланды.

Қызмет бағыты