Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2023 жылғы маусым айында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.

Талданатын кезең: 2024 жыл, 2025 жылдың 5 айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау:

1) Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.