Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Медициналық-әлеуметтік мекеменің негізгі міндеттері қызмет алушылар үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.
Әлеуметтік-медициналық сипаттағы емдеу-сауықтыру және оңалту іс-шараларын ұйымдастыру үшін кабинеттер: физиотерапиялық стоматологиялық, емшара, емдік дене шынықтыру кабинеттері, сенсорлық бөлме жабдықталған.
Қызмет алушыларды әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-еңбек оңалтуға, ағаш, тігін, етік кабинеттерінде, көркемөнер шеберханасында, жеке учаскедегі агротерапиямен айналысуға тартуға бағытталған іс-шаралар көзделген.
Қызмет алушылардың бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін қол шеберлігі және көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді, мерекелер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.
Мекеменiң мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново кентi, Амангелдi көшесi, 73
Мекеменiң құрылған күнi: 1971 жыл
Жоспарлы орын саны: 275





