Мемлекеттік сатып алуды өткізу мониторингін жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алуды жинауды, қорытуды және талдауды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы талдамалық жазбалар, анықтамалар, жиынтық есептер жасау. Басқарманың құқықтық қамтамасыз етілуін, бухгалтерлік есеп пен іс қағаздардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.