Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік сатып алу мониторингін және әкімшілендіру жүргізу

Мемлекеттік сатып алуды өткізу мониторингін жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алуды жинауды, қорытуды және талдауды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы талдамалық жазбалар, анықтамалар, жиынтық есептер жасау. Басқарманың құқықтық қамтамасыз етілуін, бухгалтерлік есеп пен іс қағаздардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Документы
Есеп
20 мая 2026
004 Бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есеп
Есеп
20 мая 2026
003 Бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есеп
Есеп
20 мая 2026
001 Бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есеп
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.
Мемлекеттік сатып алу мониторингін және әкімшілендіру жүргізу
Медиагалерея
1
СҚО МАӘС және облыстық атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел форматындағы отырыс
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"СҚО әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" КММ мемлекеттік сатып алу мониторингі және әкімшілендіру бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс қорытындысына шағым беруге бола ма?

Сатып алуды өткізу рәсімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) бойынша жүзеге асырылды. Қағидалардың 291, 292-тармақтарына сәйкес рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссия құрылмайды. Қағидалардың 293-тармағына сәйкес веб-портал конкурстық баға ұсыныстарын және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды айқындайды. Қағидалардың 297-тармағына сәйкес рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс қорытындылары 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының (бұдан әрі-заң) 25-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды. "Әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша беретін ақпараттың дұрыстығын уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, оның ішінде Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде белгілеуі мүмкін" Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында". "Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дәйексіз ақпарат беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мұндай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы жазбаша хабардар етеді"Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес: - Тапсырыс беруші, егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін анықталса; - Бірыңғай ұйымдастырушы, егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін белгіленсе. Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қорытындылар шығарылғаннан кейін Тапсырыс беруші шаралар қабылдайды.

Егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) немесе шешімдер әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім берушінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) және Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) шешімдеріне шағымдануы қалай жүзеге асырылады?

Конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті сатып алушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағымдануға құқылы конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жеткізуші.
Қағидалардың 589-тармағына сәйкес Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы тиісті хаттаманы қабылдаған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының атына веб-портал арқылы беріледі.
592-тармаққа сәйкес Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Бірыңғай ұйымдастырушы шағым беру мерзімі өткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде шағымды қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, конкурстық (аукциондық) комиссия Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының тиісті шешімі қабылданған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде конкурс (аукцион) қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асырады.
Әлеуетті өнім берушінің шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Бірыңғай ұйымдастырушы бұл шешімді бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, веб-порталда орналастырады.

Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы кім және оны анықтау қандай тәртіппен жүзеге асырылады?

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 40-тармағына сәйкес Бірыңғай ұйымдастырушы ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
Бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау "Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, Қағидалардың 41-тармағында Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай сатып алуды өткізумен бірыңғай ұйымдастырушы келіскен жағдайда, Қағидалардың 40-тармағында көзделген тізбелерге енгізілмеген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы екендігі көзделген.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы