СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң «Жер қатынастары бөлiмi» КММ

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бөлім Уәлиханов ауданының аумағындағы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган, Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Функциялар:

  • Саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жер қатынастарын реттеу;
  • иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
  • жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жерге орналастыру жобаларын бекіту жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі;
  • жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
  • жүргізуді ұйымдастыру, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар); аудан жерлерінің балансын жасау;
  • жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
  • жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша
  • өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден;
  • облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына деректер бойынша ақпарат бере отырып, пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау;
  • жеке және заңды тұлғалардың жер мәселелері жөніндегі ауызша және жазбаша өтініштерін қарау, жер заңнамасын түсіндіру бойынша консультациялар беру;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
  • Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары мәселелері бойынша мүдделерін білдіру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды орындау.

Құқықтары мен міндеттері:

  • бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан сұрату және алу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша жер учаскелеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды атқарушы органдардың қарауына енгізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Азаматтарды қабылдау

Жауаров Азамат Амантайұлы — "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Қабылдау уақыты: бейсенбі — апта сайын сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін.

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны — 8(71542) 21-8-99, электрондық пошта ualihan-zher@sko.gov.kz