GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Контакты
Деятельность
Пресс-центр
Документы
Аппарат акима
Онлайн-приемная
Все материалы
Государственные услуги
09 октября 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы
КГУ «Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ғимаратында ауылдық округ тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында азаматтар eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өз бетінше ала алады, сондай-ақ өтініштерді электронды түрде беруге және қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік бар.

Зона самообслуживания по государственным услугам
В КГУ «Аппарат акима Кишкенекольского сельского округа» функционирует зона самообслуживания по государственным услугам, созданная для удобства жителей сельского округа.
В зоне самообслуживания граждане имеют возможность самостоятельно получать электронные государственные услуги через портал eGov.kz, а также воспользоваться необходимым оборудованием для подачи заявлений и получения справочной информации.

Мероприятия
06 октября 2026
Қарттар күні – құрмет пен ізеттіліктің мерекесі

Қарттар күніне орай КММ «Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппаратының» қызметкерлері ауылдың қарт тұрғындарын мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.Қарттарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, бақыт пен береке, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын тіледі. Әр күндеріңіз қуанышқа, жылулыққа және жақын жандарыңыздың ықыласына толы болсын!

День пожилых людей — праздник мудрости и уважения
В честь Дня пожилых людей сотрудники КГУ «Аппарат акима Кишкенекольского сельского округа» посетили жителей села старшего поколения, поздравили их с праздником и вручили памятные подарки.Пожилым людям выразили искренние пожелания крепкого здоровья, долголетия, семейного благополучия, душевного тепла и заботы близких. Пусть каждый день будет наполнен радостью, уважением и вниманием родных и окружающих.

Законодательство
01 октября 2026
«Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 6-37с «2026–2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Уәлиханов аудандық мәслихаты шешімінің жобасына
Законодательство
10 сентября 2026
Тазалық пен тәртіп – ортақ міндет

Тазалық пен тәртіп – ортақ міндет
«Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тарапынан ауыл аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау жасау мақсатында рейдтік және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Кезекті рейд барысында тұрғындарға өз аулалары мен оған іргелес аумақтарды таза ұстау, қоқыстарды уақытылы шығару, арамшөптер мен шөптерді шабу, сондай-ақ абаттандыру талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, абаттандыру талаптарын сақтамаған тұрғындарға анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті ескертулер беріліп, заң талаптарын орындау қажеттілігі түсіндірілді. Белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылатыны ескертілді.
Ауылдың тазалығы мен көркейуі – тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Өз ауламызды және оған іргелес аумақты таза ұстау арқылы туған ауылымыздың көркіне өз үлесімізді қосайық!
«Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тұрғындарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, абаттандыру талаптарын орындауға және ауылымыздың таза әрі көрікті болуына атсалысуға шақырады.

 Чистота и порядок — наша общая обязанность
КГУ «Аппарат акима Кишкенекольского сельского округа» на постоянной основе проводит рейдовые и разъяснительные работы, направленные на обеспечение санитарной чистоты территории села и соблюдение требований по благоустройству.
В ходе очередного рейда жителям разъяснена необходимость содержать в чистоте свои дворовые территории и прилегающие к ним участки, своевременно вывозить мусор, производить покос травы и сорной растительности, а также соблюдать установленные требования по благоустройству.
Кроме того, жителям, не соблюдающим требования по благоустройству, были даны соответствующие предупреждения о необходимости устранения выявленных недостатков и приведения прилегающих территорий в надлежащее состояние. Разъяснено, что в случае неисполнения установленных требований в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан будут применяться меры административной ответственности.
Чистота и благоустройство села — это не только задача государственных органов, но и общая ответственность каждого жителя. Содержим в чистоте свои дворы и прилегающие территории, внося свой вклад в благоустройство и развитие родного села!
КГУ «Аппарат акима Кишкенекольского сельского округа» призывает жителей соблюдать чистоту и порядок, выполнять требования по благоустройству и совместными усилиями делать наше село чистым, уютным и красивым.

Мероприятия
07 сентября 2026
Алаяқтыққа жол жоқ

«Алаяқтыққа жол жоқ!» — Кішкенекөл ауылында профилактикалық акция өткізілді

Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты КММ мамандары Кішкенекөл ауылының тұрғындары арасында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында тұрғындарға
ақпараттық парақшалар таратылып, алаяқтық схемаларын қалай тануға және жеке деректері мен қаражатын қалай қорғауға болатыны туралы пайдалы ақпараттар берілді.

«Нет мошенникам!» — профилактическая акция в селе Кишкенеколь
Специалистами КГУ «Аппарат акима Кишкенекольского сельского округа» проведена информационно-разъяснительная работа среди жителей села Кишкенеколь по профилактике интернет- и телефонного мошенничества.
В ходе акции жителям были розданы информационные листовки, содержащие полезные рекомендации о том, как распознать мошеннические схемы и защитить свои персональные данные и денежные средства.

Государственные услуги
07 сентября 2026
«Электрондық үкімет» порталы — eGov.kz сайты арқылы мемлекеттік қызметке өз бетінше тапсырыс беру және рәсімдеу тәртібі

 

Кішкенекөл ауылының тұрғынына мемлекеттік қызметті алу мәселесі бойынша түсіндірме берілді. Оған «Электрондық үкімет» порталы — eGov.kz сайты арқылы мемлекеттік қызметке өз бетінше тапсырыс беру және рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.

Жителю села Кишкенеколь была оказана разъяснительная помощь по вопросу получения государственной услуги. Ему объяснили порядок самостоятельного оформления и заказа государственной услуги через портал «Электронного правительства» — сайт eGov.kz.

Мероприятия
20 августа 2026
Кішкенекөл ауылының Вокзальная көшесінің тұрғындарымен кездесу

2026 жылғы 11 тамызда Кішкенекөл ауылының Вокзальная көшесінде Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Г.Н. Баймағанбетованың және Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі А.Т. Қойшыбаевтың қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті.

Кездесу барысында тұрғындар көшені абаттандыру және дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, балалар ойын алаңын абаттандыру, Вокзальная көшесіндегі жол жамылғысының жағдайы, сондай-ақ автобус қатынасын ұйымдастыру және оның бағыты мәселелері талқыланды.

Көтерілген барлық мәселелер бойынша тұрғындарға тиісті түсініктемелер берілді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өз ұсыныстарын білдіріп, орын алып отырған мәселелерді жеткізуге мүмкіндік алды.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

11 августа 2026 года по улице Вокзальной села Кишкенеколь состоялась встреча с жителями с участием депутата Уалихановского районного маслихата Г.Н. Баймаганбетовой и акима Кишкенекольского сельского округа А.Т. Койшибаева.
В ходе встречи жители озвучили ряд актуальных вопросов, касающихся благоустройства и развития улицы. В частности, были обсуждены вопросы обустройства детской игровой площадки, состояния дорожного покрытия по улице Вокзальной, а также организации и маршрута автобусного сообщения.
По всем поднятым вопросам жителям были даны соответствующие разъяснения. Обсуждение прошло в формате открытого диалога, жители смогли высказать свои предложения и обозначить имеющиеся проблемы.
Работа по обращениям и предложениям жителей будет продолжена.

Мероприятия
11 августа 2026
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр азаматтың міндеті!

⚠️ Уважаемые жители Уалихановского района!
Сообщаем, что на территории Уалихановского района отсутствуют официально разрешенные места для купания.
Купание в водоемах и в необорудованных для этого местах строго запрещено.
В целях обеспечения безопасности граждан сотрудники аппарата акима Кишкенекольского сельского округа совместно с Отделом полиции провели рейдовое мероприятие по водоемам района. В ходе рейда с отдыхающими проведены разъяснительные беседы о соблюдении правил безопасности на воде, вручены информационные памятки.
❗ Уважаемые жители!
Не подвергайте опасности свою жизнь и жизнь своих близких. Не оставляйте детей без присмотра и не допускайте купания в необорудованных местах.
Соблюдение правил безопасности на воде — залог сохранения жизни и здоровья!
 ⚠️ Құрметті Уәлиханов ауданының тұрғындары!
Сіздерге Уәлиханов ауданының аумағында суға түсуге ресми түрде рұқсат етілген орындардың жоқ екенін хабарлаймыз.
Су айдындарында және арнайы жабдықталмаған орындарда шомылуға қатаң тыйым салынады.
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кішкенекөл ауылдық округі әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп су айдындарына рейдтік іс-шара жүргізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын өткізді. Демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.
❗ Құрметті тұрғындар!
Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз және жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр азаматтың міндеті!

Мероприятия
11 августа 2026
Көшпелі азаматтарды қабылдау

Көшпелі азаматтарды қабылдау өтті

Бүгін Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сәниев Сапар Қапарұлы Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі Қойшыбаев Амангелді Төлегенұлымен бірлесіп Кішкенекөл ауылының Сыздықов, Маметов және Мусипов көшелерінің тұрғындарының ұжымдық өтініші бойынша көшелерді жөндеу мәселесіне қатысты көшпелі азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында аталған көшелердің жолдарының жай-күйі қаралып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша аудандық мәслихат төрағасы жолдарды тиісті жағдайға келтіру бойынша ұсыныстар берді.
Азаматтардың өтініштерін қарау және өзекті мәселелердің шешілуіне бақылау жасау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Состоялся выездной прием граждан

Сегодня председатель Уалихановского районного маслихата Саниев Сапар Капарович совместно с акимом Кишкенекольского сельского округа Койшыбаевым Амангельды Толегеновичем провел выездной прием граждан по коллективному обращению жителей улиц Сыздыкова, Маметова и Мусипова села Кишкенеколь по вопросу ремонта данных улиц.
В ходе выездного приема были осмотрены проблемные участки дорог, обсуждены обращения жителей и возможные пути решения.
По итогам встречи председателем районного маслихата даны рекомендации по приведению дорожного полотна в надлежащее состояние.
Работа по рассмотрению обращений граждан и контролю за решением актуальных вопросов местного значения будет продолжена.

Противодействие коррупции
28 мая 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

В соответствии с пунктом 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года «О противодействии коррупции», приказом Председателя  Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 19 октября 2016 года №12 «Об утверждении Типовых правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков»

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы