
Тазалық пен тәртіп – ортақ міндет
«Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тарапынан ауыл аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау жасау мақсатында рейдтік және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Кезекті рейд барысында тұрғындарға өз аулалары мен оған іргелес аумақтарды таза ұстау, қоқыстарды уақытылы шығару, арамшөптер мен шөптерді шабу, сондай-ақ абаттандыру талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, абаттандыру талаптарын сақтамаған тұрғындарға анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті ескертулер беріліп, заң талаптарын орындау қажеттілігі түсіндірілді. Белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылатыны ескертілді.
Ауылдың тазалығы мен көркейуі – тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Өз ауламызды және оған іргелес аумақты таза ұстау арқылы туған ауылымыздың көркіне өз үлесімізді қосайық!
«Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тұрғындарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, абаттандыру талаптарын орындауға және ауылымыздың таза әрі көрікті болуына атсалысуға шақырады.
Чистота и порядок — наша общая обязанность
КГУ «Аппарат акима Кишкенекольского сельского округа» на постоянной основе проводит рейдовые и разъяснительные работы, направленные на обеспечение санитарной чистоты территории села и соблюдение требований по благоустройству.
В ходе очередного рейда жителям разъяснена необходимость содержать в чистоте свои дворовые территории и прилегающие к ним участки, своевременно вывозить мусор, производить покос травы и сорной растительности, а также соблюдать установленные требования по благоустройству.
Кроме того, жителям, не соблюдающим требования по благоустройству, были даны соответствующие предупреждения о необходимости устранения выявленных недостатков и приведения прилегающих территорий в надлежащее состояние. Разъяснено, что в случае неисполнения установленных требований в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан будут применяться меры административной ответственности.
Чистота и благоустройство села — это не только задача государственных органов, но и общая ответственность каждого жителя. Содержим в чистоте свои дворы и прилегающие территории, внося свой вклад в благоустройство и развитие родного села!
КГУ «Аппарат акима Кишкенекольского сельского округа» призывает жителей соблюдать чистоту и порядок, выполнять требования по благоустройству и совместными усилиями делать наше село чистым, уютным и красивым.