Қаржы-шаруашылық мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімше
Құрылымдық бөлімше құзыретіне аудан әкімінің қызметін қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, аудандық ауқымдағы дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметтері құрылмаған елді мекендерде өрттерді, алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, аудан ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға шығындарды қамтамасыз ету кіреді.