«ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша экология департаменті» РММ (әрі қарай -Департамент) ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (әрі қарай -Кодекс) ұсыныстар мен ескертулер енгізу үшін «ПЕТРОКОМПАНИ» ЖШС 2026 ж. 17.02. № KZ85RYS01592648 жоспарланған қызметі туралы өтінішін жібереді (әрі қарай – Өтініш). Кодекстің 68-бабының 9-тармағы негізінде департамент жоспарланып отырған қызметке қатысты жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын қабылдауды мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 150000, СҚО, Петропавл қ., К.Сүтішев к-сі, 58 каб.33, sko-ecodep@ecogeo.gov.kz