мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілде: Коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Приишимского сельского округа» района Шал акына Северо-Казахстанской области .
Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
ауылдық округ әкімі қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Үкіметінің қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің қаулыларын, шешімдерін және өкімдерін орындауды бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын өңдеу.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық функцияларды атқару үшін құрылды сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативті-құқықтық актілерге, және осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен ауылдық округ әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметтік жазба жүргізу;
ауданның атқарушы органдарынан ауылдық округ әкімінің және әкім аппаратын құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттар сұрату және алу;
ауылдық округ әкімі және әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудан мәслихатының, кеңестік органдардың отырыстарына қатысу.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқық пен міндеттілікті іске асыру.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғасы болып табылады және оның атынан мемлекеттік органдармен, ұйымармен және азаматтармен өзара қатынастарда сенімхатсыз әрекет етеді;
азаматтардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарайды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады;
салықты және өзге де бюджетке міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді;
жоғары тұрған әкімдікке мәслихаттың сәйкес бекітуі үшін ауылдық округі әкімінің аппараты әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерінің нормаларын орындауына көмек етеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бірыңғай персоналды басқару (қадрлық қызмет) қызметіне бағынады;
байланыс қызмет ұсынуды ұйымдастыру бойынша жоғары тұрған инстанцияға ұсыныс енгізуге құқылы;
өз құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13 және 16-баптарымен қарастырылған жағдайдың болмауын ескере отырып, жеке меншікке және жерді пайдалануға жер учаскесін береді;
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 60-бабына сәйкес бұқаралық сервитут орнатуға құқылы;
жер учаскелерін алу мәселелері бойынша аудандық әкімдікке сонымен қатар мемлекеттік мұқтаждыққа ұсыныс енгізеді;
ауылдық округтің коммуналдық тұрғын-үй қорының сақталуын және сонымен ауылдық округтегі автомобиль жолдарының құрылысын, қайта құрылуын, жөнделуін және күтілуін қамтамасыз етеді;
ауылдық округтің тұрғын-ұй қорына түгендеу жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісе отырып ауылдық округтегі апатты тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
ауылдық шаруа қожалықтарының құрылуына, кәсіпкерлік қызметтің дамуына көмек көрсетеді;
өз құзыреті шегінде әскери міндетті тұлғаларды, әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобилді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізуді ұйымдастырады;
ауылдық округ аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге құжаттарды қабылдау және «Неке және отбасы туралы» (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасы Кодексінің қарастырылған мерзімінде жеке тұлғалардың деректері, сонымен қатар азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті беру және тапсыру туралы мемлекеттік базаға азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және мәліметті енгізу үшін ауданның тіркейтін органдарына беруді жүргізеді;
тарихи және мәдени мұраның сақталуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша ұсыныстар жасайды;
шағын несиелеу бағдарламасына қатысу үшін табысы төмен тұлғаларды анықтайды;
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттар шеңберінде ауылдық тұрғындарды шағын несиелеуге көмек көрсетеді;
мүгедектерге көмек көрсетеді;
қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мұгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
«Алтын алқамен» марапатталған аналарға тұрғын-үй беруге жәрдемдеседі;
жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;
қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастырады;
ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
жедел медициналық көмек қажет болған жағдайда науқастарды ең жақын дәрігерлік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекет жасайды;
шаруашылық есепке алуды жүзеге асырады;
жергілікті бюджетті бекіткенде (нақтылағанда) аудан мәслихатының сессиясына қатысады;
мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасының белгіленген тәртіпте мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
тұрғылықты жері бойынша және бұқаралық демалыс орындарында жеке тұлғаларды спортпен айналысу үшін инфрақұрылымды жасайды;
мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін ұйымдастырады;
тірек мектептердің (қорлық орталықтардың) қызметін қамтамасыз етеді;
өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен қамтуды ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;
елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
туыстары жоқ қайтыс болғандарды жерлеуді және зираттар мен жерлеу орындарын күту бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
аудан әкімдігіне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру және оқушыларды оқу мекемесіне ақысыз жеткізу бойынша ұсыныстар жасайды;
елді мекен жерлерінде мал бағу орындарын анықтайды;
жергілікті аймақта малдардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантиндік режимнің және шектеу шараларының енгізілуі мен карантиндік аумақтың ветеринарлық режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
жергілікті аймақта малдардың жұқпалы ауруының ошағын жою бойынша кешенді ветеринарлық шараларды өткізгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантин тәртібін және шектеу шараларын тоқтату туралы шешімді қабылдайды;
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіпте ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша шараларды ұйымдастырауға қатысады;
ауыл шаруашылық малдарын мемлекеттік қолдан ұрықтандыру пунктерінің, мал өнімдері және шикізаттарын дайындауға, мал сою алаңдарының (ауыл шаруашылық малдарын сою бойынша алаңдар), мал қорымы (биотермиялық шұңқыр), пестицидтер, улы химикаттар арнайы қоймалары (көрқора) жұмыс істеуіне көмектеседі;
ауылдық аумақтар және агроөнеркәсіптік кешені саласында жедел ақпарат жинауды іске асырады және аудан әкімдігіне ұсынады;
ауылшаруашылық санағын өткізуге қатысады;
Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасының тәртібінде ветеринарлық пунктерді қызметтік кеңсемен қамтамасыз етеді;
ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
сыбайластық жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы «Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері сыбайлас жеқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін жеке жауап береді;
қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлар тізіліміні жүргізеді;
ауылдық округі әкімінің аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
кіріс көздерін қалыптастырады;
бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
«Агроөнеркәсіптік кешенінде мамандық бойынша үздік» сайысын өткізеді;
әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарау және бұзылыс үшін әкімшілік жаза салуға өз құзыретінде құқылы;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза салуды іске асырады.
Ауылдық округ әкімінің қызмет аясына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
Ауылдық округі әкімі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және оны орындау үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативті құқықтық актілерді орындау үшін нормативті құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-басқарушылық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер қабылдайды.
Ауылдық округі әкімнің өз құзыреті шегінде қабылданған актілері ауылдық округтің барлық аумағында міндетті күшке ие болады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамамен бекітілген тәртіпте қызметке қабылдайтын және қызметтен босататын әкімшілік мемлекеттік қызметшілер.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын, штаттық санын және штаттық кестесін құрылтайшы – Солтүстік Қазақстан облысы Приишим ауылдық округ әкімдігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен лимиттер шегінде, бекітеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі бекітеді.
Зейнет жасына жеткен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы «Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттік қызмет және зейнет ақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнасымен сәйкес жүзеге асырылады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған құрылтайшы тапсырған, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
және тарату
қарым-қатынасы
Заңды мекен-жайы
|
151307, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Приишим ауылдық округі, ауыл. Повозочное к-сі Мира 16 |
| Сенім телефоны | 8(715)34-2-91-32 |
| Электронды адрес | shn-priishim@sqo.gov.kz |

