«Петропавл қаласы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ»
Міндеттері:
-
Отбасыларды және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
-
Адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету және жан-жақты қолдау көрсету.
Функциялары:
-
Мемлекеттік отбасылық саясат шараларын іске асыру, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу шаралары;
-
Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамту бойынша жұмысты өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы үйлестіру;
-
Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
-
Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейін уақытша тұру мүмкіндігімен қолдау көрсету;
-
Мемлекеттік отбасылық саясаттың бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
-
Мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша волонтерлермен, сондай-ақ консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасау;
-
Мемлекеттік отбасылық саясаттың даму үрдістеріне мониторинг және талдау жүргізу;
-
Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша өзге де шараларды іске асыру;
-
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Орталыққа өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.