«И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана» КММ

Мекенжайы: СҚО, Петропавл қ., Брусиловский к-сi 65А.

Сайт: http://shuhovlibrary.sko.kz/

Мiндеттерi мен функциялары: Коммуналдық мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мәнi Петропавл қаласының тұрғындарына кiтапханалық және ақпараттық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, сондай-ақ Жарғыға сәйкес кiтапхана-филиалдарының жұмыс iстеуi болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мақсаттарына мыналар жатады:

  • Петропавл қ. аумағы шегiнде құжаттардың әмбебап жинағын қалыптастыру, сақтау және кiтапхана пайдаланушыларына ұсыну.
  • Пайдаланушыларға кiтапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.
  • Пайдаланушылардың ақпараттық, мәдени және бiлiм беру қажеттiлiктерiн анықтау, қанағаттандыру және дамыту, ақпаратқа еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету.
  • Кiтапханалық қызмет көрсетудi, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалану негiзiнде ұйымдастыру.
  • Қаланың мемлекеттiк кiтапханаларының қызметiне ғылыми-әдiстемелiк басшылық және үйлестiру.
  • Мемлекеттiк қызметтердi ұсыну шарттарын жетiлдiру және мекеменiң материалдық-техникалық базасын дамыту.
  • Кiтап қорларының сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
  • Кiтапханатану, библиографтану және өлкетану саласындағы ғылыми-зерттеу және библиографиялық қызмет.
  • Қордың өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени, табиғи-географиялық ерекшелiктерiне сәйкес бiлiмнiң барлық салалары бойынша, оның iшiнде өлкетану әдебиеттерiмен және жергiлiктi баспасөз басылымдарымен жинақтау. Ескiрген, бейiндi емес және көп даналы әдебиеттi белгiленген тәртiппен алып тастау.
  • Қаланың кiтапхана кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру бойынша конференциялар, семинарлар, практикумдар, кеңестер өткiзедi.
  • ҚР заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Кiтапхана филиалдары:

№1 кiтапхана

Мекенжайы: Рыжов к-сi, 57

Телфон: 8(7152)539045

№ 2 кiтапхана

Мекенжайы: Сәтбаев к-сi, 37

Телефон: 8(7152)503086.

Зағип және нашар көретiн азаматтарға арналған арнайы кiтапхана

Мекенжайы: Жамбыл к-сi, 225

Телефон 8(7152)522643.