«Петропавл қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ жанындағы «Қалалық мәдениет үйі» МКҚК

Мекенжайы: Сәтбаев, 37

Мақсаты мен мiндеттерi:

Кәсiпорын қызметiнiң мәнi мәдениет саласындағы әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады.

Кәсiпорын қызметiнiң мақсаты:

қала аумағында өскелең ұрпақтың моральдық-эстетикалық тәрбиесiне, салауатты өмiр салтын насихаттауға, мәдени демалуға, мәдениет саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға ықпал ететiн халыққа мәдени қызмет көрсету бойынша жан-жақты жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу.

Мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес кәсiпорын мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:

  • Қаланың кәсiпорындары мен мектептерi арасында мәдени-демалыс бағдарламаларын, ұлттық, мемлекеттiк, кәсiби және бейресми мерекелерге арналған жалпықалалық iс-шараларды, концерттердi, конкурстарды, спектакльдердi, фестивальдердi, көрмелердi, шығармашылық кештердi, конференцияларды, семинарларды, кеңестердi, тренингтер мен спорттық танымдық-ойын-сауық iс-шараларын, көркемөнерпаздар байқауларын дайындау, ұйымдастыру және өткiзу (мемлекеттiк тiлде және қарым-қатынас тiлiнде);
  • Халыққа, кәсiпорындарға әлеуметтiк-шығармашылық тапсырыстар бойынша, мәдени-бұқаралық iс-шаралар мен үйiрме қызметiн ұйымдастыру және өткiзу бойынша ақылы қызметтер көрсету;
  • Ұлттық халық шығармашылығын жаңғырту және сақтау бойынша сәндiк-қолданбалы өнер шеберханасын құру;
  • Денсаулық сақтау, бiлiм беру, iшкi саясат бөлiмдерiмен, халықты адамгершiлiк, эстетикалық тәрбиелеу жөнiндегi ұлттық мәдени орталықтармен (мемлекеттiк тiлде және қарым-қатынас тiлiнде)бiрлескен мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру;
  • Қала және облыс аумағында орналасқан мәдениет мекемелерiмен бiрлескен мәдени-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу;
  • Гастрольдiк концерттердi ұйымдастыру және өткiзу;
  • Жаңа шығармашылық ұжымдарды құруға және дамытуға көмек көрсету;
  • Қайырымдылық мәдени-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу;
  • Шығармашылықтың барлық бағыттарында көркемөнерпаздар үйiрмелерiн құру;
  • ҚР заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.