Әкімшілік-құқықтық және қаржы жұмыстары бөлімі (СҚО МСҚБ басқармасы)
- басқарманың шаруашылық қызметінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- қаржылық қызметтің бухгалтерлік есебін жүргізу және кадр мәселелерін шешу;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында азаматтардың, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен іс жүргізуді жүзеге асыру;
- сәулет-құрылыс бақылауы, лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерді әзірлеуге (қайта әзірлеуге) қатысу.