Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімінің жобасына баспасөз релизі
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімінің жобасына Баспасөз Релизі
Шешімді әзірлеуші орган "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Шешім жобасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығына сәйкес әзірленді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24382 болып тіркелген).
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Аққайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту болып табылады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталына сілтеме:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14911303