«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың  ауданы мәслихатының 2017 жылғы 31  шілдедегі  № 13-8   «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылы және ауылдық елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын),  бағалау аймақтарының шекараларын  және жер учаскелері үшін төлемақының базалық      мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешімі жобасы бойынша пресс-релиз

 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың  ауданы мәслихатының

2017 жылғы 31  шілдедегі  № 13-8   «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылы және ауылдық елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын),  бағалау аймақтарының шекараларын  және жер учаскелері үшін төлемақының базалық      мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешімі жобасы бойынша

пресс-релиз

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің  2023 жылғы 23 қаңтардағы № 3 шешімі,  Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20-3 бірлескен шешімі және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы  № 415 қаулысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешімінің жобасы әзірленген.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихаты шешімінің жобасы Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерінде жер учаскелерін пайдалану саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын іске асыруға бағытталған.

Шешім жобасын әзірлеу барысында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары ескеріледі.

Шешім жобасын әзірлеу мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаты мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен шешіміне, сондай-ақ  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің  шешімдеріне сәйкес нормативтік-құқықтық актіні сәйкестендіру.

Бұл жобаға Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылының бағалау аймақтарының шекараларын, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық елді мекендердің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэфиценттерін қамтиды.

 

 

         Жер қатынастары

        бөлімінің басшысы                                                            Ж. Сабит

 

Қызмет бағыты