Құрылым

Тұрғын үй және газ техникалық инспекциясы бөлімі

Тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылау жүргізуді, кондоминиум объектілерінің басқару органдарының тұрғын үйді және коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді, газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады; Кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлікті (оның ішінде пайдалану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің) сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; орысша Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; Тұрғын үй қорының құрамына тіркелген кондоминиум объектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; Кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеру жүргізеді; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде және көтергіш құрылғыларда (лифтілерде, эскалаторларда, траволаторларда) газ қондырғыларының қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

Толығырақ

Телефон:

56-62-90

Электрондық пошта:

n.myltykbai@shymkent.gov.kz

«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» КММ тұрғын үй қорын жаңғырту бөлімі.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, сондай-ақ ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүзеге асыру.Тұрғын үй саласындағы қызметтерді жетілдіру жөнінде қала әкімдігіне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу.Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді сұрату.Басқарманың құзыретіне қатысты қала әкімдігі өкімдерінің, қала әкімдігінің қаулыларының және мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.Тұрғын үй қорын сақтау және оны тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.Ақпаратты электрондық түрде қалыптастыруды, өңдеуді, орталықтандырылған түрде жинауды және сақтауды, оның ішінде тұрғын үй қатынастары саласындағы ақпараттық объектілердің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес қорытынды мәліметтерді толықтыруды қамтамасыз ету.Тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету және тұрғын үйлерді есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

+7(7252) 56-62-90

Электрондық пошта:

ba.zhumakhan@shymkent.gov.kz

«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» КММ тұрғын үй қорын рәсімдеу бөлімі.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен мемлекеттік органдардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалдау шарттарын рәсімдеу, коммуналдық тұрғын үй қорын басқару және тұрғын үйлердің мақсатты пайдаланылуын бақылау жұмыстарын жүргізу. Азаматтардың өтініштерін қарау, тұрғын үй мәселелері бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, тұрғын үй төлемдері мен субсидиялау үдерістеріне мониторинг жүргізу. Тұрғын үй саласындағы ақпараттық-талдамалық жұмыстарды ұйымдастыру және тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпаратты халыққа жеткізу.

 

Толығырақ

Телефон:

56-62-90

Электрондық пошта:

s.isabekov@shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының есепке алу және тұрғын үйді бөлу бөлімі

Бөлімнің негізгі өкілеттіктері «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, тұрғын үй алу үшін кезекте тұрғандар тізіміне түгендеу жүргізу, коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үйді бөлу бойынша тұрғын үй комиссиясының қарауына материалдар дайындау, жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, жалдау шарттарын беру және ресімдеу және оларды «Gosreestr.kz» порталында тіркеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау болып табылады.

Толығырақ

«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» КММ мемлекеттік қызметтерді талдау және жиынтық-аналитика бөлімі

Құжаттармен және құжатталған ақпаратпен жұмыс істеу кезінде ұйымдастырушылық және компьютерлік технологияларды қолдануға негізделген жаңа технологиялық процестерді енгізу, оның ішінде құжаттар құрамын және ақпараттық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру.Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, Президенттің, Үкіметтің, әкімдіктің, мәслихаттың және қала әкімінің тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.Әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру.Азаматтардың өтініштерін қарау және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдау.Қазақстан Республикасының заңнамасын азаматтар мен заңды тұлғалардың сақтауына жәрдемдесу.Басқарманың құрылымдық бөлімшелері қызметін жүйелеу, талдау және мониторинг жүргізу.Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету.Басқарма басшылығының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және тапсырмалардың орындалуын бақылау.Өтініштер мен хат-хабарларды тіркеу, есепке алу және орындалуын бақылау.Басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын жүргізу және халықпен өзара байланыс орнату.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын талдау, оларды жетілдіру және дамыту, сондай-ақ электрондық өзара іс-қимылды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.Басқарма қызметінің қорытындылары бойынша талдамалық материалдар, есептер және презентациялар дайындау.Терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 56-62-90

Электрондық пошта:

d.baitenov@shymkent.gov.kz