Құрылым
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі
Жалпы аппарат бойынша жоғары тұрған органдар, қала әкімі мен оның орынбасарлары, аудан әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының және хаттамаларының (оның ішінде: ҚР Президеті әкімшілігінен, ҚР Үкіметі кеңсесінен) сапалы және мерзімінде орындалуына жауапты және бақылауда ұстайды. Аппаратта мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметті өткеруiне байланысты шешiмдердiң жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Кадр мәселелері бойынша жұмыстардың атқарылуын және нормативтік-құқықтық актілердің жобалары әзірленуін және бөлімнің құзыретіне кіретін құқықтық сипаттағы құжаттардың дайындалуын қадағалайды. Кіріс және шығыс құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің заңда белгіленген мерзімде орындалып, жауап берілуін бақылайды.
Бөлім басшысы:
Беспаев Саят ҚанатұлыТелефон:
8 (7252) 53-04-18Электрондық пошта:
s.besbaev@shymkent.gov.kzҚоғамның орта сапасын дамыту бөлімі
Бөлімнің міндеттеріне аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына кондоминиум нысандарын құру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, бюджетттік ұйымдар мен тұрғын үй қорларын жылыту маусымына дайындық жұмыстарын іске асыруға ықпал жасау, аудан аумағында санитарлық тазалық сонымен қатар, шөп ору, ағаш қырқу, әктеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен, өртке қарсы бөлімімен бірлесіп жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру, аудан бойынша сейсмонығайту жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру жатады.
Бөлім басшысы:
Әлембекұлы ТайырбекТелефон:
8(7252)53-04-48Электрондық пошта:
t.alembekuly@shymkent.gov.kzИнфрақұрылым және абаттандыру бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері: Аудан аумағындағы жабық спорт алаңшаларының (аңгар) құрылысын қажет ететін шағынаудандар мен аулаларды анықтау және қаржы бөлдіру мақсатында ұсыныс әзірлеу жұмыстарына бақылау жасау. Аудан аумағындағы абаттандыруды және балалар ойын, спорт алаңшаларын орнатуды қажет ететін көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын анықтап, абаттандыру және орнату жұмыстарын толығымен қамтамасыз ету жұмыстарына бақылау жасау.
Аудан аумағындағы шағынаудандар мен көшелерде ауыз су, табиғи газ, электр қуаты, кәріз жүйелерінің жүргізілуіне талдау жасау және құрылысты (қайта құрылыс) қажет ететін көшелерді анықтау және жүргізілмеген жерлеріне ұсыныс әзірлеу жұмыстарына бақылау жасау.
Бөлім басшысы:
Қаблан Бақдәулет ЫбраимұлыТелефон:
8 (7252) 53-04-33Электрондық пошта:
b.kablan@shymkent.gov.kzМәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:Лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты бөлімнің жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Аудан әкіміне мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
Өз құзыреті шегінде кәсіпорындар және ұйымдармен қарым-қатынасты іске асыруға;
Бөлім жұмысына қатысты жұмыстарды атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды олардың меншік түріне қарамастан кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан сұратуға.
Бөлім басшысы:
Насырұлы Ербол НасырулыТелефон:
8(7252) 53-04-17Электрондық пошта:
e.nasuruly@shymkent.gov.kzЭкономика және жоспарлау бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері: Бөлімнің құзыретіне кіретін қажетті ақпараттарды, материалдарды аппараттың құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардан алу, талап ету.
Бөлім құзыреті аясында заңнамалардың, Президент Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Шымкент қаласы және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Басқа да құқықтарды бөлім құзыреті аясында және Қазақстан Республикасы заңнамаларының аясында қолдану.
Өз қызметі тұрғысынан бөлімді басқа да мекемелерде (сонымен қатар сотта, прокуратурада, тиісті мемлекеттік органдарда) өкілдік ету.
Аппараттың қаржы-шаруашылық қызметімен қатысты құжаттарын бекіту (жоспар, келісім шарт, сметалар, анықтамалар, есеп берулер және т.б.)
Жоспарлық-қаржылық тәртіпті және еңбек заңдылығын бұлжытпай орындау.
Бөлім басшысы:
Мамытбекова Макпал КабылбековнаТелефон:
8(7252) 53-04-34Электрондық пошта:
m.mamytbekova@shymkent.gov.kzӘлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі
Бөлімнің міндеттеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын тұрғындарға насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру; шарты және шартсыз ақшалай көмекке құжат тапсырған отбасылардың үй тұрмыстық зерделеу актісінің заңға сәйкес жүргізілуін ұйымдастыру; ауданда орналасқан бала-бақшаларда, мектептерде қоғамдық және тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру; кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша және аудандық ЮПТ және мектепішілік есептерде тұратын оқушылармен жұмыстар жүргізу; Аудандағы ардагерлер кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын үйлестіру; ҰОС ардагерлері мен көмекке мұқтаж отбасыларына, көп балалы жанұяларға, жетім-жесірлерге демеушілік көрсететін қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру; Аудан аумағында орналасқан діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу және теолог мамандардың қатысуымен жалпы кездесулер ұйымдастыру; Аудан аумағында қоғамдық-саяси ақпараттардың дұрыс және уақтылы жүзеге асырылуын ұйымдастыру.
Бөлім басшысы:
Сәлін Талғат СәлінұлыТелефон:
8(7252) 53-04-25Электрондық пошта:
t.salin@shymkent.gov.kzКәсіпкерлікті қолдау бөлімі
Бөлім жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асырады; Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу; Аудан аумағында белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасаушы тұлғаларға сауда орындарын заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Сауда орындарында тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Құзырлы мекемелермен бірлесе тұрғындар арасында салық төлемдерін уақтылы төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Салық базасын ұлғайту бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе заң шеңберінде резервтерді анықтау; Меншік түріне қарамастан құзырлы мекемелермен бірлесе ауданда орналасқан жеке кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға мониторинг жүргізу; Аудандағы жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың жұмысына талдау жасау, себеп-салдарын анықтап, қайта іске қосылуына ықпал ету жатады.
Бөлім басшысы:
Мусабек Ермухаммед МахсатұлыТелефон:
8 (7252) 53-04-08Электрондық пошта:
e.musabek@shymkent.gov.kz