GOV.KZ – Single platform for the digital resources of government agencies

Меню
Страницы
Documents
About the Department
Contacts
Press Room
Activity
Feedback
Все материалы
15 сентября 2025
Список кандидатов, получивших положительное заключение конкурсной комиссии

Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттың тізімі

Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия отырысының 

12.09.2025 жылғы № 2 хаттамасы  

Достияров Есдәулет Керімбекұлы

-

«Шымкент қаласының қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қазыналық директоры лауазымына тағайындау үшін басқарма басшысына ұсынылды.

 

27 мая 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
​Осыған орай, аталған талдауға байланысты ұсыныстарыңыз бен ескертулерінің болған жағдайда Жайлы қалалық орта бөлімінің бас маманы Ақшораева Ұлжарқын Қожабергенқызының +7 707 158 8553 телефондарына немесе u.qshoraeva@shymkent.gov.kz электрондық поштасына хабалама қалдыруға болатынын ескертеміз.

16 сентября 2024
Хабарландыру!

«Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Шымкент қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 289 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталына жарияланды.

Осыған байланысты осы жобаны талқылауға қатысуға шақырады.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылғанын хабарлайды

(кіру ссылкасы: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15195814 )

19 августа 2024
АПТА БАСЫНДАҒЫ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС

🔷Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аппараттық жиналыста Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына тиесілі аумақтарды тазалау жұмыстарын қатаң бақылауға алу, субұрқақтарды ретке келтіру мәселелері талқыланды.

🔷Сонымен қатар жауапты мамандарға қала аумағындағы жасыл желектерге автоматты суару жүйесіне енгізу, «Таза Қазақстан» акциясы негізінде экологиялық іс-шаралар ұйымдастырып, ескерткіш граниттерін ретке келтіру бойынша бірқатар тапсырмалар мен ескертулер берілді.

06 августа 2024
А.АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

А.АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ДОСТИЯРОВ ЕСДӘУЛЕТ КЕРІМБЕКҰЛЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Достияров Есдәулет Керімбекұлы - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген.

Білімі-жоғары, 2011-2015 ж.ж.- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетін тәмәмдаған.

03.03.2017 - 27.03.2023 жылдар аралығында «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, бас инспекторы және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

27.03.2023ж. - осы күнге дейін «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келді.

23 июля 2024
Ескерту!

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 293 "Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы"қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасын интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталына жарияланды.

Осыған байланысты осы жобаны талқылауға қатысуға шақырады.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылғанын хабарлайды

 

 

16 июля 2024
Ескерту!

Ескерту!

Шымкент қаласының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы қаулы жобасын интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталына жарияланды.

Осыған байланысты осы жобаны талқылауға қатысуға шақырады.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылғанын хабарлайды

(кіру ссылкасы: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15129270)

19 июня 2024
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен, ҮЕҰ және қоғам өкілдерімен кездесті. М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиында азаматтардың мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Басқосуда қала тұрғындары бұрынғы Фосфор зауытының қалдықтарын залалсыздандыру, қалада сапалы оттегіні көбейту, карьерлердің жұмысын қадағалау, өндіріс орындарынан шығатын қалдықтар мәселесін көтеріп, ұсыныстарын айтты.
Н. Шәрбиев министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, азаматтардың сауалдарына жауап берді.

—Қаланың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасында 29 іс-шара көзделген. Оның ішінде бүгінгі күні 12 іс-шара орындалды. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді орындау кезеңі бар 6 іс-шара бар. Өткен жылы 200 мың ағаш отырғызылса, биыл қалада 121 мың дана ағаш отырғызу жоспарлануда. Жалпы жергілікті халықтың мүддесін қорғайтын шешімдер қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеру маңызды. Бүгін айтылған мәселелер толық зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданады, — деді Нұркен Қожамұратұлы.

Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар вице-иинистрі жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарды аралап, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

07 июня 2024
Хабарлама

Хабарлама

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңына,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік  қағидаларына сәйкес, 2024 жылдың  07 маусымы мен 28 маусым  аралығында, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіетін жұмыс тобының құрамына: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын,қоғам өкілдері мен комплеанс қызметі өкілдерінің (сыртқы сарапшылар,ғылыми қоғамдастық,көрсетілетін қызметті алушылар,коммерциялық емес ұйымдар,бизнес-қоғамдастықтар,қоғамдық кеңестердің мүшелері,жобалау офистерінің өкілдері)қатысу мүмкіндігі бар.

Осыған орай, жұмыс тобының құрамына енуге ниет білдіруші тұлғалар ағымдағы жылдың 13 маусымына дейін,мына байланыс (8-7252-24-75-31,8-707-158-85-53) және мына электрондық поштасы prirodab@mail.ru  арқылы хабарласуға болатынын хабарлаймыз.

06 июня 2024
"Шымкент Сушар" МККдиректоры тағайындалды

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқарма басшысының бұйрығымен ашық конкурс қорытындысына сәйкес «Шымкент Сушар» МКК директоры болып Монтаев Мақсат Абуталіпұлы тағайындалды.

Монтаев Мақсат Абуталіпұлы 1986 жылы 16 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

БІЛІМІ:

2003-2008 жж.- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мелиорация рекультивация және жерді қорғау»
2009-2011 жж. - Шымкент университетінде «заңгер»
2014-2016 жж.- Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Есеп және аудит» мамандықтарын тәмәмдаған.

ЕҢБЕК ТӘЖІРИБЕСІ:

2008-2010 жж.- инженер механик «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК ОҚ филиалы
2010ж. - жетекші-маман «ОҚО бойынша Жылжамайтын мүлік жөніндегі орталық» РМҚҚ
2010-2014 жж.- жоғары дәрежелі маман АШМ СРК «Казагромелиосушар РӘО» РМК
2014-2016 жж.- экономист, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы СРК «Казагромелиосушар РӘО» РМК
2016-2020 жж.- директор орынбасары СРК «Казагромелиосушар РӘО» РМК
2020ж.- қазіргі уақытқа дейін директор ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «Казагромелиосушар РӘО» РМК қызметерін атқарып келген.

Социальные сети
Меню подвал
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты