Меню

Mobile communication
Internet
Landline
Postal communication
Checking mobile communication quality
Issuance of permits to use radio-frequency spectrum of the Republic of Kazakhstan
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы" ММ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

 

         2025 жыл

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Шымкент қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2025 жылы Шымкент қаласының аумағына 3000 дана бейнебақылау камераларын орнатуға мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу жұмыстары жоспарлануда. Аталған сатып алу конкурстарын өткізу барысында бөлінген қаражаттың үлкен болуына байланысты техникалық ерекшеліктерін бекіту барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері орын алуы ықтималдығы; 

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы өткізуге жоспарланған бағасы қымбат болып бекітілген барлық негізгі құралдарға, соның ішінде бейнебақылау камераларына мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу алдында сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне жол бермеу мақсатында тәуелсіз сараптама (независимая экспертиза) өткізіп, қорытындысын алу.

Тәуелсіз сараптама қорытындысы

 

-

1 шілдеге дейін

2

Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы»  Заңының  10-бабының 1)тармағының                                     3-2)тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган құзырына берілген байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функцияларын іске асыру үшін мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жұмыстары ұйымдастырылмаған. Бұл өз кезегінде  тексеру субъектісіне (нысанға) бару кезінде қызметкерлердің қажетті біліктілігі, қабілеттілігінің тиісті дәрежеде болмауы салдарынан тексеру мерзімін бұзу, нұсқаманы дұрыс толтырмау және тағы да басқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері орын алуына ықтималдығы;

 

Шымкент қаласы аумағында байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциялары жүктелген қызметкерлерге оқыту ұйымдастырып, нұсқаулықтан (инструкция) өткізу;

 

Оқу ұйымдастырып, нұсқаулықтан өткізу

-

1 шілдеге дейін

3

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының  27-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган берілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функцияларын орындау барысында мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жұмыстары ұйымдастырылмаған.  Бұл өз кезегінде жеке кәсіпкерлердің дербес деректермен жұмыс істеу барысын тексеру кезінде қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруға қажетті біліктілігі, қабілеттілігінің тиісті дәрежеде болмауы салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері орын алуына ықтималдығы. 

Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциялары жүктелген қызметкерлерге оқыту ұйымдастырып, нұсқаулықтан (инструкция) өткізу;

 

Оқу ұйымдастырып, нұсқаулықтан өткізу

-

1 шілдеге дейін

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

• Instagram

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты