Республика күні құтты болсын! Егемен еліміздің жарқын болашағы мен бірлігін тілейміз. Еліміз әрқашан бейбіт, қуатты және бақытты болсын.
Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгілік жасасын!
Басқарма басшысы О.Таджибаев азаматтарды жеке қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдау барысында қала тұрғындары пәтерлерін жөндеуге көмек көрсету және тұрғын үйдегі кемшіліктерді қалпына келтіру мәселелерін көтерді.
Басқарма басшысы тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасынң 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Шымкент қаласының құрылыс басқармасы басшысының 2025 жылғы 7 сәуірдегі №61-н/қ бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының құрылыс басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп жұмыс тобымен қол қойылып аяқталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау бойынша ұсыныстар мен ескертулерді жазбаша kurulus.shymkent@gmail.com электрондық поштасына хабарлама қалдыруды ұсынамыз немесе 24-75-59 телефонына хабарласуға болатындығын хабарлаймыз.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасынң 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Шымкент қаласының құрылыс басқармасы басшысының 2025 жылғы 7 сәуірдегі №61-н/қ бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының құрылыс басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, аталған талдауға байланысты ұсыныстарыңыз бен ескертулерінің болған жағдайда интернет желісінде және құрылыс нысандарының мониторингін жүргізу бөлімінің бас маманыКулатаев Бауыржан Батырбекұлының 8(7252) 24-75-59 телефонына немесе kurylys.shymkent@gmail.com электрондық поштасына хабарлама қалдыруға болатынын ескертеміз.
Шымкент қаласында 35 мың орындық заманауи стадионның құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл маңызды жоба қала мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп қана қоймай, халықаралық спорттық ареналармен байланыстыратын маңызды нысанға айналады.
Жаңа стадион Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран-2 шағын ауданында орналасады. Оның жалпы аумағы 21 гектарды құрайды. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, қазіргі таңда мемлекет мұқтажына қайтаруға жататын 177 жер учаскесінің 160-ы қайтарылды. Ал қалған 17 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстары әлі де жалғасуда.
Бұдан бөлек, қосымша жерге орналастыру жобасы жасақталып 14 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына қайтару бағытында жұмыстар атқарылуда.
Мемлекет басшысының халықты баспанамен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс басқармасы тарапынан биыл 283,5 мың шаршы метрді құрайтын 3 592 пәтерлі 57 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 16 үй, Бозарық шағынауданында 36 үй, Ақжайық шағынауданында 5 үй салынады.
Аталған тұрғын үйлер кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
2024 жылы 161,9 мың шаршы метрді құрайтын 55 тұрғын үй құрылысы аяқталып, баспана кезегіндегі тұрғындарға берілді.
Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына пәтерлер нарықтан сатылып алынады.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебі қосымша корпусының ашылу салтанатына қатысты. Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қолданысқа берілген екі ауысымда жұмыс істейтін нысанда бір мезетте 200-ге жуық спортшы оқу-жаттығумен айналыса алады. Мұнда ауқымды спорттық жарыстар өткізуге болады.
Заманауи талапқа сай бой көтерген ғимараттың жертөлесінде пауэрлифтинг және ауыр атлетика залдары және киім ауыстыру бөлмесі, душ қарастырылған. Сондай-ақ жаттықтырушылар, инструкторлар, төрешілер бөлмелері бар. Бірінші қабатта вестибюль-фойе, күзетші бөлмесі, асхана, 210 орындық көрермендерге арналған трибунасы бар әмбебап спортзал, медициналық пункт жайғастырылған. Ал екінші қабатта демалыс холы, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасқан.
Бүгінде спорт мектебінің үздіктері үстел теннисі, бокс пен таеквондодан Ұлттық құрама сапында, Әлем, Азия чемпионаттарында жеңімпаз атануда.
Білім – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Қазіргі уақытта қала мектептерінде оқушы орындарының жетіспеушілігі байқалады. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 18 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың ішінде 3200 орынға арналған
2 мектеп іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есеп беру кездесуінде айтты.
«Білім инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 3 мектептің құрылысына 7,9 млрд теңге бөлінді, ал инвесторлар қаражаты есебінен 5 мектеп пайдалануға берілді, оларда 2800 орын бар. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Тұран шағын ауданында 500 орындық «Оқушылар сарайы» салынып жатыр, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды.
Қала әкімі сондай-ақ мәдениет саласындағы жұмыстарға тоқталды. Биыл Шымкентте 2066 орындық көпфункционалды Конгресс-холл пайдалануға берілді, мұнда халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізіледі. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен төрт шағын ауданында жаңа «Мәдениет үйлері» ашылды. Мегаполис тұрғындарының мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және мәдени өмірді жандандыру үшін саябақтарда және Мәдениет үйлерінде «Шымқала кештері» іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша 16 көпқабатты тұрғын үйде, 29 жедел саты (лифт) қондырғылары ауыстыру жоспарланға. Қазіргі таңда, 12 көпқабатты тұрғын үйдің 22 жедел саты (лифт) қондырғыларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін қосымша 4 көпқабатты тұрғын үйге 6 жедел сатыны (лифт) ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, Нұрсат шағын ауданындағы № 128, 132, 135В, 135Б, 135А тұрғын үйлердің пәтер иелері жедел саты (лифт) қондырғыларын ауыстырылуы қажет екендігі туралы өтініш білдірген болатын. Осыған орай, көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіліп, заңнама талаптары толық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттама берілді.
Айта кетейік Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау, жедел саты (лифт) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен жағдайда қабылданады.