Құрылым
Ақпараттық - түсіндіру жұмысын үйлестіру бөлімі
1) Діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
5) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды;
6) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
7) діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Сарманов Ғалымжан ТахирұлыТелефон:
8 (7252) 53-01-66Электрондық пошта:
g.sarmanov@shymkent.gov.kzДіни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніңдегі бөлімі
1) діни бірлестіктермен жұмыс жасау, діни бірлестіктердің, рухани (діни) білім беру мекемелерінің қызметін зерделеу;
2) қалалық Терроризмге қарсы комиссия мен құқық қорғау органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
3) қаладағы діни ахуалға талдау және мониторинг жасау;
4) мемлекеттік органның бақылауындағы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің уақытылы жауап берілуіне және қарау мерзімінің сақталуына бақылау жасау;
5) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) қаладағы діни ахуал жөніндегі айлық, тоқсандық, жылдық есептер мен ақпараттарды әзірлеу және уақытылы ұсыну;
7) дін мәселелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік топтарының жұмысын үйлестіру;
8) бекітілген Медиа-жоспарды жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау, дін саласындағы өңірлік журналистік пул жұмысын үйлестіреді, интернетте жарияланған діни материалдарды талдау;
9) әдістемелік құралдарды әзірлеу, діни қызмет мәселері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру, дін саясатының өзекті мәселелері бойынша конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, кеңестер ұйымдастыру.
Бөлім басшысы:
Аманбаев Серік ЕрсұлтанұлыТелефон:
8 (7252) 53-02-04Электрондық пошта:
s.amanbaev@shymkent.gov.kz