Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағында (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54) көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматы) 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті, осы баптың 17-тармағында.
Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады. Мысалы: Азаматша педагогика мамандығы бойынша грант негізінде ЖЖОКБҰ. Ол білім беру ұйымдарында 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.
Жұмысқа орналасқаннан кейін түлек 1 жыл жұмыс істеді, содан кейін өз еркімен жұмыстан шықты, сонымен қатар жұмыстан босатуға негіздер (мүгектілік, декреттік демалыс, оқуды жалғастыру және т.б.) жоқ. Түлек міндеттемелердің 2/3-ін орындамады. Сәйкесінше, ол бюджетке оқытуға кеткен шығындарды жұмыс істемеген мерзімге пропорционалды түрде өтеуге міндетті, яғни мемлекет төлеген оқыту құнының 2/3-ін.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағында https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54 көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға;
5) әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің (әскери жиындарды қоспағанда) белгіленген мерзімін өткерген жағдайда азаматтарға;
6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан және оның талаптарын сақтаған жағдайларда;
7) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға;
8) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға беріледі.
Жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссия Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмысқа дербес бөлу үшін оқуын аяқтайтын тиісті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының жанынан жыл сайын құрылады.
Мысал: Биылғы жылы қызым «Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша университетті бітіреді. Ол магистратураға түсуді жоспарлап отыр. Ол магистратураны бітіргеннен кейін мемлекеттік грантты өтеуі керек пе, әлде мемлекеттік грантты өтегеннен кейін магистратураға түсуі керек пе?
Сіздің қызыңыз жас мамандарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен магистратураға түскен жағдайда мемлекеттік грантты өтеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы мен бекітілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033291 Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 3 тармағына сәйкес ауылдық квота (леуметтік жағынан осал санаттағы азаматтар мен ауыл жастары үшін жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекет бөлетін гранттардың мақсатты үлесі) шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша білім алған ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.
Мысал: Сіз «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша квота негізінде жоғары білім алдыңыз. Міндеттемелерді орындау үшін Сіз ауылдық жердегі денсаулық сақтау ұйымында жұмысқа орналасуыңыз қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағының үшінші бөлігіне https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы мен бекітілген https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 6 тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымды (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтейді.
Мысал: Сіз «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша квота негізінде жоғары білім алдыңыз. Міндеттемелерді орындау үшін сіз ауылдық жердегі денсаулық сақтау ұйымында жұмысқа орналасуыңыз қажет.
Жыл сайын Польша Үкіметі қазақстандық азаматтарды келесі бағыттар бойынша оқытуға гранттар бөледі: «бакалавриат» (3 орын), «магистратура» (4 орын), «докторантура» (4 орын).
Шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде айқындалған: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000328.
Мысалы: Мен, Мұрат, магистратураны аяқтағаннан кейін оқуымды жалғастыруды жоспарлап отырмын және Польшада «докторантура» бағыты бойынша гранттар бөліне ме, соны білгім келеді.
Қайырлы күн, Мұрат. Иә, сіз Польша жоғары оқу орындарында «докторантура» бағдарламасы бойынша оқу үшін құжат тапсыра аласыз, себебі Польша жыл сайын докторантураға 4 орын бөледі.
Қазақстан аумағында сапарлар кезінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына әуе көлігімен немесе теміржол көлігімен (тікелей маршрут бойынша) жүру шығындары өтеледі. Бұл ретте өтемақы сомасы купе вагонындағы билет құнынан аспайтын мөлшерде есептеледі. Қымбат санаттағы билеттер, атап айтқанда: жоғары жайлылықтағы вагон санаты, сондай-ақ жүрдек пойыздардағы «Турист» және «Бизнес» сыныптары бойынша билеттер өтелмейді. Қосымша түрде теміржол кассасынан өз маршрутыңыз бойынша жол жүру билеті құны көрсетілген анықтаманың түпнұсқасын ұсыну қажет.
Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығымен реттеледі:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008880
Мысалы:
Мен, Исатай, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болып табыламын және National University of Singapore (Сингапур) университетінің магистратурасына оқуға түстім. Ақтау қаласында тұрамын. Мен Ақтау – Астана бағыты бойынша, әрі қарай Астана – Сингапур бағыты бойынша әуе билетін сатып алдым. Ақтау – Астана, яғни Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі бағыттағы әуе билеті құны өтелуге жата ма?
Иә, Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі бағыт бойынша әуе билеті құны өтелуге жатады, алайда өтемақы әуе билеті құны бойынша емес, теміржол көлігі тарифі шегінде, купе вагонында жүру құнынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Сондай-ақ қосымша түрде теміржол кассасынан сіздің бағытыңыз бойынша жол жүру билеті құны туралы анықтаманың түпнұсқасын ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613), әуе ұшу шығындары (әуе билеті) шетелдік жоғары оқу орнының академиялық күнтізбесіне сәйкес ұзақтығы 2 (екі) ай және одан да көп семестраралық каникул кезеңінде ғана төленеді (өтеледі). Ұзақтығы екі апта болатын семестраралық каникул кезеңіндегі ұшуға жұмсалған шығындар өтелмейді.
Мысалы: Менің ұлым «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болып табылады және Бостон университетінде (Америка Құрама Штаттары) магистратурада білім алуда. Ұзақтығы 2 апта болатын каникул кезеңінде Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ оның әуе ұшу шығындарын төлей ме?
Жоқ, ұлыңыздың әуе ұшу шығындары төленбейді, себебі әуе ұшу шығындары тек ұзақтығы 2 (екі) ай болатын семестр аралық каникул кезеңіне ғана төленеді.
«Болашақ» бағдарламасының «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша стипендиаттары шетелде тіл курстарынан өте алмайды, өйткені магистр дәрежесін алу үшін «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлеріне арналған тіл курстары тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана және 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімде өткізіледі.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы №318 бұйрығымен реттеледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011258.
Мысалы: Мен – Мадинамын, «мемлекеттік қызметші» санаты бойынша «Болашақ» стипендиясының иегерімін. Мен тілдік курстарды шетелде өте аламын ба?
Мадина, «Болашақ» халықаралық стипендиясының «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша иегерлері үшін шетелде тіл курстарынан өту мүмкін емес. Сіз тіл курстарынан тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана, мерзімі бір жылдан аспайтын уақыт аралығында өте аласыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 «Шетелде оқуға жіберу, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020730) бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды қарау және қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.
Мысалы: Менің атым – Диас. Мен 26 қаңтар күні University College London университетіне «Құқық» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына «Болашақ» халықаралық стипендиясы конкурсына қатысу үшін құжаттарымды тапсырдым. Құжаттар қанша уақытта қаралады және жауапты қашан күтуге болады?
Диас, «Болашақ» стипендиясы бойынша құжаттарды қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды, яғни сіз жауапты 27 қаңтар күні жұмыс күні ішінде аласыз.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауда үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – ҚР ҮҚ) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен реттеледі. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573)
Үшінші турда Республикалық комиссия бірінші және екінші турдың нәтижелерін қарастырып, «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткерге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында ақпарат орналастыру арқылы хабар етіледі. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделіп, оған қатысқан барлық Комиссия мүшелері қол қояды.
Осыған орай қолданыстағы ҚР ҮҚ заңнамасында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылмаған.
Сонымен қатар Ережеге сәйкес үміткер келесі конкурстың конкурстық іріктеуіне қатысуға құқылы.
Мысалы: Менің атым – Ардақ. Мен конкурсқа қатысып, University of Reading (Ұлыбритания) университетіне докторантура бағдарламасы бойынша құжат тапсырдым, алайда маған «Болашақ» стипендиясы тағайындалмады. Менің конкурс нәтижелерім қайта қаралуы мүмкін бе?
Ардақ, үшінші турда комиссия алғашқы екі турдың нәтижелерін қарап, соңғы шешім қабылдайды: «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе бас тарту. Бұл шешім хаттамамен рәсімделіп, комиссия мүшелері қол қояды. Бұл шешімді қайта қарауға болмайды.