«Ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | 2026 жылғы 29 маусымдағы №102-р «Қазақстан Республикасының ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес орындау |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық жобасында оператордың тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат шегінде қаржыландыру жөніндегі өкілеттіктерін айқындау көзделеді |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Өндіріске енгізілген және нарыққа шығарылған ғылыми әзірлемелер санын ұлғайту, ғылымды қажетсінетін өнім шығаруды кеңейту және ғылыми және (немесес) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың нәтижелілігін арттыру күтілуде |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
Құру күні: 11.11.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 26.11.2026
Қызмет бағыты