««Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) ««Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы № 321-VIII Заңын орындау мақсатында әзірленді.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ғылыми зерттеулерге арналған және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын жабдықтарды сатып алу кезінде қолданылатын мемлекеттік сатып алу талаптарын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын барлық аккредиттелген субъектілерге тарату мақсатында № 538 Қағидаларға өзгерістер енгізу қажет. Бұрын бұл талаптар тек мемлекеттік ұйымдарға ғана қолданылатын еді.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы № 321-VIII Заңын орындау мақсатында әзірленді. 

Күтілетін нәтижелер мерзімі – 2026 жылдың 31 жетоқсан қоса алғанда.

6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарларға әкеп соқпайды.

 

Құру күні: 11.11.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 16.11.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15936067