«2026 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері мен ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «2026 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері мен ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлерді қамтуды арттыру мақсатында әзірленді.

Жоба 2026 жылғы 2 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Жобаны жария талқылау 2026 жылғы 17 қарашаға дейін өткізіледі.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15938077

Қызмет бағыты