Ualikhanov University-де «Күміс университетінің» алтыншы оқу маусымы басталды
Ualikhanov University-де «Күміс университетінің» алтыншы оқу маусымы басталды
Ualikhanov University-де аға буын өкілдеріне арналған «Күміс университеті» жобасының алтыншы оқу маусымы басталды. 2026-2027 оқу жылында бағдарламаға 147 тыңдаушы қабылданып, оларға 23 білім беру курсы ұсынылды.
«Күміс университеті» – өмір бойы білім алу тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылатын, аға буын өкілдерінің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жаңа дағдыларды меңгеруіне және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған жоба.
Білім беру бағдарламасы шығармашылық, цифрлық технологиялар, экономика және құқық салаларын қамтиды. Тыңдаушылар арасында қазақ және ағылшын тілдерін үйрену курстарына сұраныс жоғары. Оқу бағдарламалары қатысушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, ойлау, зейін қою және есте сақтау дағдыларын қолдауға, сондай-ақ зияткерлік және физикалық белсенділігін сақтауға бағытталған.
Жоба қазан айында ерекше маңызға ие болады, өйткені дәстүрлі түрде аға буын өкілдерін қолдау және олардың қоғамға белсенді қатысу мәселелеріне көбірек көңіл бөлінеді. «Күміс университет» кез келген жаста жаңа білім алуға, байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға және жеке қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды.
Ualikhanov University Халықаралық үшінші жас университеттері қауымдастығының (AIUTA) қауымдастырылған мүшесі және оның Басқарма құрамына кіреді. Университет халықаралық тәжірибе мен ғылыми зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, аға буынға арналған білім беру бағдарламаларын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар Қазақстанның Күміс университеттері қауымдастығына мүше жоғары оқу орындарымен әдістемелік ынтымақтастықты дамытып, тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.