Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033613 ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) тарапынан жарияланады және конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің (бұдан әрі – Комитет), Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (бұдан әрі – ҰМҒТСО), сондай-ақ Қордың интернет-ресурстарында орналастырылады.

Конкурс туралы хабарландыру келесі ақпаратты қамтиды:

1) конкурс атауы;

2) ресми интернет-ресурсқа сілтеме;

3) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері;

4) өтінімдерді қабылдау орны және (немесе) тәсілі;

5) байланыс деректері.

Мысалы, азамат А. ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім беруді жоспарлап отыр. Ол осы конкурс шарттарымен қай жерден таныса алады?

Азамат А. қажетті ақпаратты Комитеттің, ҰМҒТСО-ның, сондай-ақ Қордың интернет-ресурстарынан таба алады.