Жиі қойылатын сұрақтар
Басқа мемлекеттерде білім алған тұлғалардың білім туралы құжаттарын тану тәртібі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген білім туралы құжаттарды тану қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған.
Аталған Қағидалардың 9-тармағында шетелдік білім беру ұйымдарында берген білім туралы құжаттардың иегерлері Қазақстан Республикасында кәсіби қызметке қол жеткізу немесе оқуды жалғастыру мақсатында тану рәсімінен өтуі тиістілігі белгіленген.
Қазақстан Республикасының азаматы шетелдік білім беру ұйымынан берілген білім туралы құжатымен Қазақстанның аумағында кәсіби қызметке қол жеткізуі немесе оқуды жалғастыруы үшін Қағидаларға сәйкес белгіленген тәртіппен білім туралы құжатын тану рәсімінен өтуі қажет.
Қағидалардың 9-тармағына сәйкес, құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады.
Тану рәсімінен өту үшін қажетті құжаттар тізімі Қағидалардың қосымшасында («Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) нақты көрсетілген.
«Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы жүзеге асырады. Толық ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz ресми сайтынан немесе 87172 57-20-83, 57-20-86 байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады. Білім беру қызметімен айналысу құқығы Жоғары білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметті лицензиялау кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жүргізіледі.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімі – берілген күннен бастап бес жыл.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі болып табылады және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттеледі (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы №164 бұйрықпен).
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабының 2-тармағына сәйкес Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру не оларды беруден уәжді бас тарту құжаттардың ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштер мен құжаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкес жүзеге асырылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру жөніндегі қызмет ақпараттық жүйе арқылы автоматты режимде көрсетіледі, біліктілік талаптарын растайтын өтініш пен құжаттар «Е-лицензиялау» порталында электрондық нысанда беріледі (http://e-license.kz).
Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша өкілеттіктерге ие ұйым ретінде айқындалған (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуір №545 қаулысына сәйкес).
Апостилдеу рәсімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығы).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен немесе «е-гов» порталы арқылы ұсынған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарын апостильдеу рәсімінің негізгі талаптарының бірі білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және жауап алу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына сұрау салудың ресімделуі. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқығаны расталған жағдайда бекітліген мерзім шегінде құжатқа «апостиль» мөртаңбасы қойылады да қызметті алушыға жолданады.
Білім туралы құжатты апостилдеуден бас тарту негіздері:
1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) ұсынылған деректер мен мәліметтердің Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Жеке тұлға өзі әзірлеген оқу құралын Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жанындағы сараптамалық комиссияның қарауына ұсынуы тиіс. Оқу құралы комиссияның оң шешімі шығарылған жағдайда ғана жарық көреді.
Кез келген екінші деңгейлі банк арқылы немесе cabinet.testcenter.kz арқылы онлайн төлеуге болады. Төлем үшін деректемелерді «Байланыс» (kazakhtest.kz) бетінен жүктеп алуға болады.
ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеудің В1 (орта) деңгейінен өту қажет.
Қазақ тілін өздігінен үйрену үшін «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Soyle.kz», «Tilmedia.kz», «Аbаі.institute», «Qazaq Sozi», «Tatti Alma» және т.б. веб-сервистер мен мобильді қосымшалар бар.
Елімізде 114 (өңірдегі филиалдарымен қоса алғанда) оқыту орталықтары бар. Тілді үйрену үшін тұрғылықты мекенжай бойынша Тілдерді оқыту орталығына жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабына сәйкес тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.
Заңның 23-бабында Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды деп көрсетілген.
Тұжырымдамаға сәйкес 2029 жылға қарай республика бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін – 84 %-ке, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесін – 50 %-ке, Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шетелде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдас-тырған халықаралық шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесін – 75 %-ке, мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымның үлесін – 94 %-ке, «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесін (өсу қорытындысымен) – 84 %-ке, реттелген терминологиялық қордың үлесін – 40 %-ке, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесін – 86 %-ке жеткізу көзделген.
Тұжырымдаманы іске асыру бойынша толық ақпаратпен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтынан танысуға болады.